Түркістан облысында «Торнадо» 17 үйдің шатырын ұшырып кетті (видео)

Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Аққойлы ауылында құйындатқан алапат дауыл жүріп өтті, деп хабарлайды Xnews.

Әлеуметтік желілерде аталған ауылда аз ғана уақыттың ішінде дауыл тұрып, құйынмен бірге орын алған табиғат құбылысынан соң үйлердің шатыры ұшып қирағаны туралы бейнежазба пайда болған еді. Тіпті, аспанда бұлт «смерч» тәрізді үйірілгені де байқалған болатын.

Көпшілік Қазақстанда мұндай құбылыстың орын алғаны бірінші рет екенін айтып таң қалса, енді бірі мұның басқа елде немесе бұрын болған оқиға екенін айтып сенбеушілік танытқандар да табылған еді.

Бірақ, бұл оқиғаны ресми өкілдер растады. Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округі Аққойлы елді мекенінде орын алған төтенше жағдай бойынша, 02-мамыр 2020 жылы сағат 15:00 шамасында жаңбыр аралас жел болып Аққойлы елді мекені (60 отбасы 412 адам тұрады) З.Пердебайұлы көшесінің бойында орналасқан 17 тұрғын үйдің шатырларына зақым келген және электр жарығы тартылған 3-баған құлап желілер үзілген.

Қазіргі таңда, «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің мамандары келіп Аққойлы елді мекеніндегі электр жарықты өшіріп, электр бағандарына жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Орын алған төтенше жағдай бойынша арнайы жұмысшы тобы құрылып, зардап шеккен отбасылардың тұрғын жайларын толыққанды қалпына келтіру жұмыстары қадағалауда екендігін хабарлады ауданның баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*