Шымкентте жұмысын қайта бастаған нысандардың тізімі

Шымкент қаласында 11 мамырдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше шағын және орта бизнес нысандары мен қызмет көрсету орталықтары, қоғамдық көліктер мен сауда базарлары жұмысын қайта бастады.

Олар:

  • Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтық объектілер: сауда, қызмет көрсету, қаржы және т.б.
  • Өнеркәсіптік аумақтар, әуежай, аулалық балалар алаңдары және басқа да объектілер санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізе отырып;
  • Медициналық орталықтар қызметі, жазылу бойынша;
  • Сауда-ойын орталықтары. Олардың ішінде орналасқан балалар ойын алаңы, мұз алаңы, батут, кинотеатр және фудкорттар қоспағанда;
  • Азық-түлік базарларының қызметі;
  • Ауданы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түліктен өзге дүкендер де қайта іске қосылады;
  • Сауда базарлары
    (мал базары мен автокөлік базарларын қоспағанда)
  • Құрылыс дүкендері, саяжай инвентарын сататын, оптика, гүл дүкендері, зоодүкендер
  • Техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, автосалондар;
  • Сұлулық салондары
    (алдын ала жазылу бойынша)
  • Бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттікттер, жеке сот орындаушы және т. б.);
  • Спорт мектебі және секциялар қызметін (15 адамға дейінгі жеке топтар үшін оқу-жаттығу процесін жүргізу);
  • Халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілер:
    -типографиялық қызметтер көрсететін объектілер,
    -тігін ательелері,
    -аяқ киім шеберханалары,
    -киім жөндеу жөніндегі сервис,
    -химиялык тазарту, кір жуу орындары және өзге де объектілер;
  • Қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері (қонақүйлер, отельдер, хостелдер, туристік базалар және т.б.)
  • Көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар
  • Қоғамдық тамақтану объектілерінің жеткізіп беру қызметі
  • Балмұздақ дайындау және сату орындары онлайн режимінде тапсырыс қабылдау және жеткізіп беру кызметiмен;
  • Көппәтерлі тұрғын үйлер мен тұрғын үй алаптарында орналасқан азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін дүкендер сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін;
  • Мемлекеттік мекемелердің, офистердің қызметі. Бұл ретте қызметкерлердің 50% қашықтықтан жұмыс атқарады.
  • Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып;
  • Балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізу, ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттету арқылы, сондай-ақ балалардың коррекциялық және оңалту кабинеттері;
  • Қоғамдық көліктің жұмысын қайта бастау;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» бизнеске қызмет көрсету үшін және мамандандырылған бөлім;
  • «Атамекен-қолдау орталығы» жұмыспен қамту мобильдік орталығы;
  • Авиарейстер
    Шымкент — Нұр-Сұлтан — Шымкент, Шымкент — Алматы — Шымкент, Шымкент – Петропавл – Шымкент.

Барлық нысандар сағат 10:00-ден — 18:00-ге дейінгі режиммен жұмыс жасайды.

Нысандардығы санитарлық қауіпсіздік талаптары қызметкерлер мен келушілерден қатаң талап етіледі. Егер сақтық шаралары орындалмаса, айыппұл салынып, нысан жабылады.

Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*