Шымкентте өнерпаздар аула аралап мерекелік концерт өткізді

Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері карантин талаптарын сақтай отырып, 2-3 әншіден әр аулада 15-20 минуттық шағын мерекелік қойылым ұсынды.

Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының ұйымдастыруымен шаһардағы соғыс және тыл ардагерлері тұратын үйлердің аулаларында арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Xnews.

Шымкенттік өнерпаздар 10 арнайы безендірілген автокөлікпен қаладағы 40-тан астам аулаға барып, әскери әндер шырқап, майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері карантин талаптарын сақтай отырып, 2-3 әншіден әр аулада 15-20 минуттық шағын мерекелік қойылым ұсынды.

Өз кезегінде ардагерлер өнерпаздарға ризашылығын білдіріп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп ізгі тілектерін жеткізді.

Еске сала кетсек, бүгінгі таңда Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысушы 40 майдангер және 4 237 тыл еңбеккері тұрады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*