Шымкентте алты жаңа мектептің құрылысына келісімшарт түзілді

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлім етті.

— Былтыр 11-ші сыныпты 8000 оқушы бітірсе, 1-сыныпқа 24 616 бала қабылданады. Бюджет қаржысы есебінен 7 мың 20 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде (8,5 млрд.теңге). Оның ішінде 9 мектеп биыл пайдалануға беріледі. 7 мектептің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құрылысы келесі жылдан басталады. Сонымен қатар, жан басына қаржыландыру шеңберінде инвесторлар «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпарациясымен бірлесе 10 мектеп салынатын болады. Бүгінгі таңда 5100 орындық 6 мектептің құрылысына келісімшарт түзілді. Инвеститция көлемі шамамен 8,3 млрд.теңге. Жалпы саны 89 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, 2 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр, — деді қала әкімінің орынбасары.

Жоғарғы демографиялық өсіммен ерекшеленетін қаламыздың өзекті мәселесіне айналған мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы алдағы жылдарда шешілетінін жеткізген Бауыржан Жаймұрзынұлы құрылыстағы барлық жұмыстар арнайы штабта қаралып, мониторинг жасалып, тұрақты бақылауда болатынын айтты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда 2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын мақта агроөнеркәсіптік кешенінің құрылысы басталды

«TURAN» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінің» қазығы қағылды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік ...

Түркістан облысында көмірге деген қажеттілік 150 мың тоннаға азайған

Түркістан облысындағы жылыту маусымы өңірдегі 12 ауданда биыл 11-21 қазан аралығында басталды. Қалған 5 аудан, қалаларда жылу маусымын 1 қарашадан ...