Шымкент Мақтааралға тағы да арнайы техника мен қосымша күш жіберді

05.05.2020 жылы сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы техникалар мен қосалқы күш жіберілді.

Көмекке жіберілген техникаларға тоқталсақ, 21 жеке құрам, 4 дана техника (АСО 20 – 1 дана, АЦ – 2 дана, УАЗ – 1 дана) және 6 дана мотопомпа (МП-100) көлемінде қосалқы күштер мен құралдар бағытталды.

Жалпы 2020 жылдың 2-5 мамыр аралығында Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 40 жеке құрам, 8 дана техника, 1 дана квадрокоптер және 4 дана жүзу құралдары (1 моторлы және 3 үрлемді қайық) құрамында 2 эшалон жолданды.

Еске сала кетсек, кеше Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілген болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан қаласында 20 қазаннан бастап жылу беріледі

Қазіргі таңда қала бойынша көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелерде жылыту құрылғыларының қысымын реттеу, шаю жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, қала тұрғындары ...

Түркістандық 24 құтқарушы арнайы төсбелгімен марапатталды

Түркістан облысының өрт сөндірушілері жыл басынан бері дабыл бойынша 15 мыңға жуық нысанға барған. Құтқарушылар жалпы құны 1 млрд 974 ...