Мақтааралда су деңгейі төмендеді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын су деңгейі едәуір төмендей бастады. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

Жалпы 6128 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басқан болатын. Олар: Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Достық ауылдары. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су басу қаупі төмендеген. Атап айтқанда, 5 мамыр күнгі дерек бойынша Жеңіс елдімекенінде су деңгейі 2 см-ге төмендеген. Жаңатұрмыс ауылында бұл көрсеткіш 3 сантиметрге, Өргебас ауылының кіре берісінде 6 см-ге азайған. Арай елдімекенінде 4 см-ге азайған», деп мәлімдеді С. Қалқаманов.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары 6 мамырдан бастап эвакуациялық пункттегі балалар сабақтарын қашықтан оқитын болатынын жеткізді. Бұл ретте білім басқармасы оқулықтар мен оқу құралдарытиелген жүк көлігін Мақтааралға жіберген.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданы аумағынан ағын суды тез арада шығару мақсатында Өзбекстан Республикасы тарапынан Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінің маңынан «Орталық бетпақдала коллекторы» арқылы автожол көпірін айналып өтетін канал қазылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда 2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын мақта агроөнеркәсіптік кешенінің құрылысы басталды

«TURAN» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінің» қазығы қағылды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік ...

Түркістан облысында көмірге деген қажеттілік 150 мың тоннаға азайған

Түркістан облысындағы жылыту маусымы өңірдегі 12 ауданда биыл 11-21 қазан аралығында басталды. Қалған 5 аудан, қалаларда жылу маусымын 1 қарашадан ...