Коронавирусты емдей алатынын айтқан пастордың өзі COVID-19-дан қайтыс болды

Камерунның Дуала қаласында пастор коронавирусты емдей аламын деп мәлімдеп, алайда өзі ауру жұқтырғаннан кейін бір аптаға жетпей көз жұмған, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Nur.kz порталына сілтеме жасап.

Пастор Франклин Ндифор (Frankline Ndifor) 2018 жылы президенттікке үміткерлер болған тоғыз кандидаттың арасында жетіншісі болған. Коронавирусты дұға етумен емдеуге тырысқан ол шіркеуге келушілердің кейбіріне көмектеспекші болған.

Нәтижесінде Ндифордың өзі инфекция жұқтырып, тыныс алуы қиындайды. Жағдайы ауырлаған оған дәрігер шақырады, алайда пастор жедел жәрдемнің көмегінен кейін 10 минуттан соң қайтыс болды.

Ндифор дүниеден озғаннан кейін, жақтаушылары оны пайғамбар деп жариялады. 16 мамыр күні сенбіде санитар дәрігерлер марқұмның денесін алып кетуге тырысқанда, пастордың жақтаушылары оның үйіне кіреберісті жауып тастаған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ндиифордың үйіне кіріп, оның денесін алып шықты. Коронавирус жөніндегі жұмыс тобының өкілдері пасторды өз резиденциясының алдына жерледі.

Денсаулық сақтау қызметкерлері пастормен байланысқа түскендердің барлығын ауруханаларға барып, коронавирусты тексеруден өткізуді сұрайды.

Ал, Қазақстанда тағы 265 адам коронавирус анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 7234-ке жетті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*