1-Мамыр. Шымкент әкімі құттықтауы

Сіздерді 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз елдің тұмары — татулық пен тұтастық. Егемен елдің ен байлығы — бірлігі. Қазақстан халқы бір тудың астында бір мақсатпен бірігіп берекесін бекемдеп, ынтымақпен ырысын арттырып отыр. Әсіресе қазіргідей әлемді әбігерге салған қауіпті дертпен күресте түсіністікпен тұтастығымызды айғақтап отыр. Осындай қастерлі құндылықты ұғына білген әрбір азаматқа алғыс айтамын. Бірлігі күшті ел азбайды. Ырыстың қазығы ынтымақты сақтап қаланың көркеюіне, еліміздің өркендеуіне жұмыла атсалысарымыз анық.

Қымбатты Шымкент қаласының тұрғындары! 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні сіздерге зор денсаулық, амандық, құт-береке тілеймін! Достық пен бауырмалдық, бірлік пен тұтастық елім деп соққан жүректердің ұраны! Бір мақсат, бір болашақ жолында бірлігіміз беки берсін!

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Төлебилік кәсіпкер тоғандарда 80 тоннаға жуық балық шабақтарын өсіріп отыр

Балық шаруашылығын дамыту Мемлекет басшысының алға қойған маңызды міндеттерінің бірі. Осыған орай, Төлеби ауданының аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Киелітас ауылдық ...

Түркістан облысында «Созақтан — Түркістанға» атты экспедиция ұйымдастырылды

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Елтану» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастарының қатысуымен «Созақтан Түркістанға» атты арнайы экспедициясы ...