Түркістан облысында дәрігерді қорқытқан ер адам ұсталды

Мақтаарал ауданында медицина қызметкерін қорқытқан ер адам әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Xnews ақпараттық медиа-портал Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз ер адам медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба таралған болатын. Аталған жайт Мақтаарал АПБ-не “қорқыту” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оған қоса құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген төтенше жағдай кезінде қасақана медицина қызметіне бағытталған “ұсақ бұзақылық” жасағаны үшін хаттама толтырылды.

Аудандық соттың қаулысымен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Развитие избирательных систем в тюркских государствах обсудили в Казахстане

14 мая 2025 года в городе Туркестане состоялись подписание Положения о Консультативной платформе центральных избирательных органов (КП ЦИО) государств-членов Организации ...

Қазақстанда түркі мемлекеттеріндегі сайлау жүйелерінің дамуы талқыланды

2025 жылғы 14 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы (ОСО КП) туралы ...