Шымкенттік дәрігерлер ота жасап, жүкті әйелді сәбиімен бірге аман алып қалды

Шымкентте дәрігерлер жүкті әйел мен ішіндегі шаранасын сақтап қалу үшін күрделі ота жасады. Ота №1 қалалық клиникалық аурухана базасында өткен.

№1 қалалық клиникалық ауруханасының хирургы Сәбит Байтеміровтың жетекшілігімен 28-апталық жүктіліктегі әйелге ота жасалған. Операция барысында хирургтар жүкті келіншектің ішіндегі бір уыс құртты хирургиялық жолмен алып шықты. Медицина мамандары күрделі отаны үш сағаттан аса жасаған. Ғажайыптың күшімен аман қалған азаматша қазір дәрігерлердің қарауында. Дәрігерлер жүкті келіншекке жасалған ота кезінде тәуекелге барғандарын жасырмайды. Себебі шаранамен бірге пайда болған іштегі құрт бауырдың жанына біткен соң, жарылып кету қаупі жоғары болатын, дейді мамандар. Бірақ сәтті жасалған операцияның арқасында қауіп алдын алып, ана мен баланың өмірі аман қалды.

Айта кетейік, ішінде эхинококк кистасы бар жүкті келіншекке Алматы қаласындағы А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта күрделі ота жасау қажет болған. Алайда елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты, ішінде шаранасы бар әйелге Шымкентте ота жасалған.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, қазір пациенттің жағдайы қанағаттанарлық және жүктілігі асқынусыз өтуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ардагерлермен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір ардагерлерімен жүздесіп, маңызды мәселелер бойынша ашық сұхбаттасты. Аймақты дамыту бағытында зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері ...

Түркістан облысында 100-ден астам мектеп жаңғыртудан өткізіледі

Түркістан облысында білім, денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен ...