Шымкентте бір жасар бүлдіршін коронавирустан жазылып шықты

Дертінен сауыққан сәби 7 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына анасымен бірге вирус инфекциясы диагнозымен келіп түскен. Екі аптадан аса дәрігерлер инфекция анықталған кішкентай пациентке емдеу шараларын үздіксіз жүргізген.

Медицина мамандарының бар күш жігерін жұмсауының арқасында баладан алынған соңғы сынама теріс нәтиже көрсеткен. Бүгін қауіпті дерттен сауыққан бүлдіршін туыстарына тапсырылды. Алайда сәбидің анасы дертінен сауыққанша ауруханада болмақ.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 23 науқас дертінен айығып шықты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*