Шымкентте 63 медик қонақүйге орналастырылды

Шымкенттің жұқпалы аурулар ауруханасының 63 медициналық қызметкері қалалық қонақүйлердің біріне орналастырылды, деп хабарлайды Xnews қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Қауiптi аурумен тікелей күресетiн жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері ауысымнан кейін үйлерiне қайта алмай отыр. Көпжылдық жұмыс кезеңінде олар алғаш рет тез таралатын аурумен күрестi, ал оның салдары өте ауыр.

«Сондықтан біздің мамандарымызды қонақүйге орналастыру туралы шешім қабылданды. Қазір мұнда 63 дәрігер орналасты, резервте әлi 22 маманға орын бар. Олардың ауысымнан кейiн демалуына барлық жағдай жасалған 1, 2, 3 және 4 орынды бөлмелер жабдықталған. Ал, туыстарымен тек мессенджерлердiң көмегiмен байланыса алады. Сондай-ақ, тасымалдау көлiгi де ұйымдастырылды», — деп жазды әкім.

Сонымен қатар, 1290 медицина қызметкеріне үстеме ақы төленген. Бұл үстеме ақылар үш ай бойы төленеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Жетісай» индустриалды аймағында 2 мыңға жуық жұмыс орнымен 11 жоба іске қосылады

Жетісай ауданында өңір кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында Асықата кентінен 59 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриалды аймағы құрылған болатын. Қазіргі ...

Жетісайда биыл заманауи теннис орталығы ашылады

Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» ...