Шымкент: Еңбекші ауданында ірі сауда орындары толық залалсыздандырылды

Еңбекші ауданы аумағындағы «Фиркан», «Магнум», «Грамад» сынды ірі сауда орындары мен «Айна», «Көктем», «Исатай» базарларының аумағы толық залалсыздандырылды. Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлады.

Сонымен қатар, екінші деңгейлі банк банкоматтарының іргелес жатқан аумақтарына да дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Оған №35748 әскери бөлімінің 100 сарбазы және 10 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Дезинфекциялық шаралар күн сайын 20 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Тәулігіне қаладағы 13,8 млн шаршы метр аумақ залалсыздандырылуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда 2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын мақта агроөнеркәсіптік кешенінің құрылысы басталды

«TURAN» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінің» қазығы қағылды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік ...

Түркістан облысында көмірге деген қажеттілік 150 мың тоннаға азайған

Түркістан облысындағы жылыту маусымы өңірдегі 12 ауданда биыл 11-21 қазан аралығында басталды. Қалған 5 аудан, қалаларда жылу маусымын 1 қарашадан ...