«Полицейлердің үрейіне» қылмыстық іс қозғалды (видео)

Руслан Жанпейісовке төтенше жағдай мен карантин кезінде қозғалыс үшін жалған құжаттарды жасағаны үшін айып тағылып отыр, деп хабарлайды Xnews

Руслан Жанпейісовке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 328-бабының бірінші бөлігі, яғни атап айтқанда, жалған құжат жасау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, Руслан төтенше жағдай мен карантин кезінде ел ішінде жалған құжатпен емін-еркін жүрген көрінеді делінеді, — деп хабарлады Instagram-да «OCA» автокөлік иелері қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Руслан Лазута.

14 сәуірде Шымкентте Жанпейісов әкімшілік құқық бұзушылық жасады деген айыппен 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ӘК-нің 476-бабы (Төтенше жағдайды бұзу) және 478 (Төтенше жағдайдағы тәртіпті бұзуды тудыратын әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*