ОҚМУ ғалымдары антисептик жасап шығарды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ғалымдары санитайзер яғни антисептик спрейін жасап шығарды,-деп хабарлайды Xnews «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасап.

Бұл университет жанындағы «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» аймақтық сынақ зертханасында қолға алынып отырған іс.

Ғалымдардың айтуынша, антисептик бактерияларға, микробтарға және вирустарға қарсы әсер етуші сипатқа ие. Ең бастысы теріні тітіркендірмейді. Қайта тері жарақаттарының жазылуына септігін тигізеді.

– Өзіміздің оқу-зертханалық базамызда дайындалған антисептиктер университет жатақханаларында жатып, онлайн білім алушы студенттерге, университеттің жұмыс жасауын қамтамасыз етіп отырған жұмысшылар мен қызметкерлерге тегін таратылып берілді. Сонымен қатар қайырымдылық шаралар жасау мақсатында қаладағы балалар үйіне де тарату ойымызда бар. Университет ғалымдары дайындаған антисептиктің құрамы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолға арналған антисептиктерді жасау рецептурасы мен МЕСТ Р 58151.1-2018 жалпы техникалық талаптар ұсынылған әдістемелер мен ережелер негізінде дайындалған, – дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің Ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі проректоры Ұлан Сүлейменов.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*