М.Әйтенов «Shymkent» ӘКК» АҚ жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен жұмыс барысында кездесу өткізді.

«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсенің қызметімен танысқан қала басшысы кәсіпкерлерге несие беруді оңтайландыру барысын саралады.

Корпорация жұмысымен танысқан М.Әйтенов штат кестесін қайта құрылымдау және инвестициялар департаментінің жұмысын жаңғыртуды жауаптыларға жүктеді. Бүгінде аталған департаменттің қарауындағы 353 инвестициялық жоба бар. Осыған орай, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізу мен талдау жұмыстарына мұқият назар аудару ​ қажет.

Корпорация басшылығы қаланың урбанизациясын дамыту тұжырымдамасын ұсынды, онда шаһардың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстармен қатар мегаполистағы урбанизация деңгейін арттыру үшін қажетті шараларды іске асыру межеленген. ​

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*