Биыл елімізде қасиетті Рамазан айы 24 сәуірден басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айында үйде болуға шақырды, деп хабарлайды Xnews.

Мешіттерде, асханаларда және басқа да қоғамдық орындарда ауызашар беруді (ифтар) беруді тоқтата тұруға шақырамыз. Карантин кезінде қоғамдық орындарда, кафелерде және мейрамханаларда жиналуға болмайды, ауызашарды үйде отбасыңызбен бірге өткізуді ұсынамыз. Біз денсаулығымызды сақтауымыз керек. Мешітте жамағатпен Тарауық намазы оқылмайды. Оны үйде — отбасыңызбен оқуға кеңес береміз, — деді Бас мүфти онлайн-брифинг барысында.

Бұған дейін Қазақстанның Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі алдағы діни мерекелерде төтенше жағдай мен карантин режимін сақтау туралы еске салған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты

Алдын ала қорытынды: 7 млн 820 мың 918 адам: Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған Аймақтар бойынша ...

Референдум ТМД байқаушылар миссиясының жіті бақылауында

Науқанды қадағалауға Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен 74 байқаушы келген. Олар өңірлерді аралап дауыс беру барысын бақылайды. ...