Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-конференция барысында қалада коронавируспен ауыратындардың қатары төмендеп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Xnews.
Оның айтуынша, күнделікті өсім 4% құрады.
Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 793 жағдай анықталған. 90 адам емделіп, сауығып кетті. Өткен тәулікте 31 жағдай тіркелді, жалпы статистика бойынша ауруды жұқтырушылардың күн сайынғы өсімі 4% құрады. Апта басында күнделікті бұл өсім 15,6% құрады. Міне, осы цифрдан дерттің екпіні төмендеп келе жатқанын байқауға болады, — деді ол.
Бекшин карантин өте тиімді шара екенін атап өтті.
Ауруханаларға 1400 науқас жатыр, 8590 адам үй карантиніне оқшауланған. Бұл шара — өте тиімді, — деді ол.
Сондай-ақ, ол ауруды анықтауға 6 зертхана жұмылдырылып жатқанын айтты.
КВИ-ді тексерілу үшін 19 мыңнан астам экспресс-тест сыналды. Оның ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 16 жағдайы расталды, — деп сөзін қорытындылады Бекшин.