Алматыда коронавирустан көз жұмған науқастың бірі танымал дәрігер екені белгілі болды

Алматыда коронавирустық инфекциямен қайтыс болған науқастардың бірі — белгілі педиатр Гүлназым Нұрғалиева. Бұл туралы оның ұлы Тимур Қуандықов айтты. деп хабарлайды Xnews.

Нұрғалиеваның күйеуі — хирург, ал тұңғыш ұлы — қалалық № 12 ауруханада травматолог болып жұмыс істейді. Отбасындағылардың айтуынша, 16 сәуірден бастап әкесі мен ұлы каратинде ем алып жатқан.

«Анамның жүрегі шыдамады. Суық тиюден емдейтін сияқты ем қабылдады. Себебі вирустың ешқандай белгілері болған жоқ. Қайтыс болғанға дейін бір күн бұрын жедел жәрдем келіп кетті, олар да ешқандай белгі байқаған жоқ. Анам қайтыс болмай тұрып, бір сағат бұрын маған хабарласып, барлығы жақсы екенін айтты. Алайда кейін есінен танып қалған. Оны жақындарының және туыстарының қатысуынсыз жерледі. Хаттама бойынша коронавирус жұқтырғандарды осылай жерлейді екен», — деді дәрігердің кенже ұлы Тимур Қуандықов.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Дауыс» Коалициясының байқаушылары барлық учаскелерде дауыс беру барысын бақылауға қатысты

«Дауыс» Коалициясының байқаушылары 6 қазанда еліміздегі барлық ашық дауыс беру учаскелерінде дауыс беру барысын бақылауға қатысты. Барлығы тоғыз жарым мыңға ...

Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты

Алдын ала қорытынды: 7 млн 820 мың 918 адам: Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған Аймақтар бойынша ...