«10 теңгеден алмай жатыр: Түркістан облысында қырыққабатын өткізе алмаған фермерлер жанайқайын жеткізді

Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, өңірде жиналған орамжапырақтарды өткізу мәселесі бойынша нақты шаралар қабылданбаса, онда оның босқа шіріп кетуі мүмкін екендігіне шағымданды, деп хабарлайды Xnews.

Бізде 300 мың тонна орамжапырақ өсірілді. Қазір Ресей тарапынан сұраныс күрт төмендеді, біз барлық аймақтармен меморандумдар жасадық, алайда оның бір келісінің құны 10-15 теңгеге дейін төмендеді. Мұндағы фермерлер осы мәселені көтеріп отыр. Сондықтан ресейлік логистикалық компаниялардың көмегімен бұл мәселені шешу керек шығар, — деп ұсыныс жасады Үкіметте Шөкеев.

Оның айтуынша, қазір 250 мың тонна орамжапырақ сатуға дайын тұр.

«Бұл — үлкен проблема болады», — деп атап өтті аймақ басшысы. Бұған жауап ретінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Ресей елшілігімен бұл бағытта жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.

Біз Ресей елшілігімен және Сауда өкілдігімен жұмыс істейміз, олар да оны алатындарды іздестіріп жатыр. Бірақ білесіз бе, Ресейде карантинге байланысты қазір бәрі жабық. Бірақ біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз, — деп сендірді ол.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*