Самбодан үш дүркін әлем чемпионы Ақтөбе қаласының әкімі болды

Асхат Шахаров Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Xnews.

Ол 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі болып жұмыс істеген.

Асхат Берлешевич Шахаров — 1978 жылы 3 қазанда дүниеге келген. Еңбек жолын 2000 жылы Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің спорт пәндері кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

2004-2013 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, Ақтөбе облысының олимпиадалық резерв дайындау орталығының директоры болып жұмыс істеген.

2013 жылдың маусым айынан БҚО Қаратөбе ауданының әкімі қызметін атқарған. 

Ол дзюдо және самбодан еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, самбодан үш дүркін әлем чемпионы, әлем кубогының екі дүркін иегері, жастар арасындағы екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы, Владимир Путиннің гран-при иегері, Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты

Алдын ала қорытынды: 7 млн 820 мың 918 адам: Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған Аймақтар бойынша ...

Референдум ТМД байқаушылар миссиясының жіті бақылауында

Науқанды қадағалауға Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен 74 байқаушы келген. Олар өңірлерді аралап дауыс беру барысын бақылайды. ...