Н.Назарбаевқа «Мемлекетке және қоғамға сіңірген қызметтері үшін» беделді халықаралық сыйлығы берілді

Елбасы бүкіл адамзаттың мүддесі үшін бірлікті, келісімді және қауіпсіз өмір сүруді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін марапатталған,-деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі.

Пәкістан Ислам Республикасының астанасында өткен Конфессияаралық диалог және ұлттық бірлік жөніндегі халықаралық конференцияда Қазақстанның Тұңғыш Президентінің халықаралық қауымдастыққа қосқан орасан зор үлесін мойындай отырып, Исламабад Халықаралық ислам университетінің Ислам зерттеу институты Кеңесінің бастамасымен Елбасының жоғары марапатын Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының Спикері Асад Кайзер ұсынды.

«Мемлекетке және қоғамға сіңірген қызметтері үшін» халықаралық марапаты әлемнің көрнекті қайраткерлерін бүкіл адамзаттың мүдделері үшін бірлікті, келісімді және қауіпсіз өмір сүруді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін мойындайды.

Бүгінгі күнге дейін қазіргі заманның ең көрнекті мемлекет, саяси және діни қайраткерлері, оның ішінде Пәкістан Ислам Республикасының экс-президенті -Мамнун Хуссейн, Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы — Мұхаммед әл-Исса, Имам Мұхаммед Ибн Сауд атындағы Ислам университетінің ректоры — Сүлейман Абба әл-Хаил және басқа да халықаралық және мемлекет қайраткерлері марапатқа ие болды.

«Мемлекетке және қоғамға сіңірген еңбектері үшін» атты наградасын тағайындау жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қазіргі мемлекеттің негізін қалаушы, реформатор және стратег, ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың қазақстандық моделін құрудағы абсолютті көшбасшы деп санайды. Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық мемлекеттер мен қоғамдар үшін бейбітшілік пен қауіпсіздік құндылықтарын алға жылжытудағы іргелі үлесі, бірегей жаһандық конфессияаралық диалог алаңы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін құруында, сонымен қатар бейбітшілік, келісім, гуманизм, толеранттылық және дінаралық келісім негізінде өмір сүру идеяларын насихаттауында», делінген хабарламада.

© zakon.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Олжас Бектенов сарапшылармен бірге салық реформасы және цифрландыру арқылы әкімшілендіру мәселесін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен және бизнес өкілдерімен салық реформасы мәселесін талқылады. Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында ұсынылған шаралар ...

Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

Қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты халық арасында әлі де сұрақ көп. Бұл мәселені сан-саққа жүгіртудің қажеті жоқ, байыппен қарап, кәсіби ...