Елімізде коронавирус таралуы жайлы онлайн карта жасалды

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Құрметті достар! Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру — ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда. Осы орайда coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын хабарлаймын. Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және басқа да барлық өзекті ақпараттар жинақталады», — деп жазды министр Facebook парақшасында.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

2025 жылы Қазақстандағы ауылдарда 176,4 млрд теңгенің мың жаңа жобасы іске асырылуда

Биыл еліміздегі 500 ауылдық елді мекенде «Ауыл – ел бесігі»бағдарламасы шеңберінде мыңға жуық жоба іске асырылмақ. Осы мақсатта 2025 жылға ...

Безопасное путешествие: как найти проверенных турагентов и туроператоров?

По данным государственного электронного реестра на портале «Е-лицензирование», в Казахстане зарегистрировано 11914 турагентов и 634 туроператоров. Для обеспечения безопасности и ...