Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. Себебі вирус көптеген елде және құрлықтарда тарап үлгерді. Бұл туралы Женевадағы брифингте ұйымның Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі.

«Бұған дейін коронавирус тудырған пандемиямен бетпе-бет келген емеспіз. Және бақылауда ұстауға болатын пандемиямен ешқашан күрескен емеспіз. […] 114 елде тіркелген 118 мың жағдайдың 90 пайыздан астамы төрт мемлекетте анықталып отыр. Оның екеуінде – Қытай және Оңтүстік Кореяда сырқаттанғандар саны айтарлықтай азайды», — деп мәлімдеді ДДҰ.

ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Covid-19 таралуының жаңа классификациясы жаңа коронавируспен қалай күресу керектігі туралы ұсыныстарға өзгеріс енгізбейді.

«Жағдайды пандемия деп жариялау ДДҰ-ның аталмыш коронавирустан келетін қауіптің бағалауын еш өзгертпейді. Бұл, ДДҰ жасап жатқан шараларға және елдер жасауы тиіс шараларға әсер етпеуі тиіс», — делінген ұйымның ақпаратында.

Осы ретте, Тедрос Адханом Гебрейесус ел үкіметтерін «шұғыл әрі агрессивті шаралар» қабылдауға үндеді.

Ал ДДҰ-ның Facebook-тегі ресми парақшасында келтірілген ұйым басшысының сөзіне сүйенсек, алдағы күндері вирустың өршуі күтіліп отыр.

«Алдағы таяу күндері және таяу аптада COVID-19-ті жұқтыру фактілері, өлім жағдайлары және зардап шеккен елдер саны бұдан да артатынын болжап отырмыз. ДДҰ бұл індетке тәулік бойы бағалау жүргізуде және біз оның таралу жылдамдығына , ауырлығына, сондай-ақ шарасыз отырудың қуіпті деңгейіне алаңдаушылық білдіреміз. Сондықтан, COVID-19-да пандемия деп мипаттауға болады деген бағалау жасадық», — деді Т. Гебрейесус.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының терминологиясына сәйкес, эпидемия – аурудың бір өңірде кенеттен тарауы. Ал пандемия – аурудың әлем бойынша белең алуы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*