Біртанов: Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді (видео)

Олар – Германиядан Алматыға оралған Қазақстан азаматтары. Біреуі елге 9 наурыз күні, екіншісі кеше, 12 наурыз күні ұшып келген,-деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі.

«Елімізде 3 айдан бері коронавирусқа қарсы көп шаралар іске асырылды. Өкінішке қарай, бүгін екі қазақстандық азаматтың коронавирусқа шалдыққаны анықталып отыр. Олар қазір карантинге жатқызылды. Жалпы, оларға барлық қажетті ем жасалып жатыр. Медицина қызметкерлері қажетті дайындықтан өткен. Коронавирусқа қатысты қосымша ақпаратты call-орталықтың 14 06 нөміріне хабарласып, біле аласыздар», – деді деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бұл азаматтар карантиндік стационарға жатқызылған.

«Аталған азаматтар Алматы қаласындағы инфекциялық стационарда жатыр. Бұдан бұрын айтқанымыздай, елімізде коронавирус тіркелген жағдайда Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия тиісті іс-шаралар жоспарын бекіткен еді. «Б» жоспары бүгін күшін енді. Бірінші пациент 9 наурызда, екіншісі 12 наурызда келген. Олардың кім екенін жариялай алмаймыз. Бір ер адам мен бір әйел. Екеуі де Қазақстанға ұшақпен ұшып келген. Бортта коронавирусты жұқтырғандармен бірге болғандардың бәрі де карантинге жатқызылады. Яғни, 9 наурызда бірге ұшқан 73 адамның кім екені анықталды. Олар бақылауда. Қайда екенін білеміз. Карантинге жатқызу шараларына кірістік. Олар ауру адамдар емес», — деді министр.

Сонымен қатар ол бортта екі қазақстандықпен ұшып келген жолаушылардың тізімі бар екенін жеткізді. 12 наурызда келген ұшақтағы 12 азамат қазіргі таңда карантинде жатыр.

Қазір барлық шара бекітілген алгоритм бойынша жүргізіліп жатыр.

Коронавирус инфекциясына шалдықты деп күдіктелген тұлғада аурудың клиникалық белгісі жоқ.

Эпидемияға қарсы барлық қажетті шара қолданылып жатыр, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шара бар.

  • карантинге жатқызу үшін төсек орындары әзірленген;
  • медициналық препараттар мен дезинфекциялық құралдар қоры жеткілікті;
  • медициналық персонал толық дайын;
  • сұрақ туған жағдайда, 1406 нөміріне call орталыққа хабарласу керек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*