Қазақстанда үшінші адамнан короновирус анықталды

Науқаспен бірге бортта 90 жолаушы болған.

Қазақстанда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бұл азаматтар карантиндік стационарға жатқызылған. Аталған азаматтар Алматы қаласындағы инфекциялық стационарда жатыр. Бұдан бұрын айтқанымыздай, елімізде коронавирус тіркелген жағдайда Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия тиісті іс-шаралар жоспарын бекіткен еді. «Б» жоспары бүгін күшін енді.

Қазір барлық шара бекітілген алгоритм бойынша жүргізіліп жатыр.

Коронавирус инфекциясына шалдықты деп күдіктелген тұлғада аурудың клиникалық белгісі жоқ.

Эпидемияға қарсы барлық қажетті шара қолданылып жатыр, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шара бар.

  • карантинге жатқызу үшін төсек орындары әзірленген;
  • медициналық препараттар мен дезинфекциялық құралдар қоры жеткілікті;
  • медициналық персонал толық дайын;
  • сұрақ туған жағдайда, 1406 нөміріне call орталыққа хабарласу керек.

Бұған дейін, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті.

Сонымен қатар коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматтарымен бір бортта болған жолаушылар карантинге жатқызылатыны айтылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Дауыс» Коалициясының байқаушылары барлық учаскелерде дауыс беру барысын бақылауға қатысты

«Дауыс» Коалициясының байқаушылары 6 қазанда еліміздегі барлық ашық дауыс беру учаскелерінде дауыс беру барысын бақылауға қатысты. Барлығы тоғыз жарым мыңға ...

Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты

Алдын ала қорытынды: 7 млн 820 мың 918 адам: Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған Аймақтар бойынша ...