Қырғыз-қазақ шекарасын 4 мыңға жуық адам кесіп өтті

Кеше «Кең-Бұлун автожолы» бақылау-өткізу бекеті арқылы 4 мыңға жуық адам қырғыз-қазақ шекарасын кесіп өтті, деп хабарлайды Xnews Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанның шекара қызметі бұл цифрға қатысты әлі түсінік берген жоқ.

Тоқмақ қалалық кеңесінің депутаты Юсуп Ваншудың айтуынша, 7 ақпанда жаппай тәртіпсіздік орын алған қазақ ауылдары тұрғындары Қырғызстанда тұратын туыстарының үйіне келіп жатыр.

Қырғыз Республикасының дүнген диаспорасы ол адамдарды туыстары уақытша паналатып отырғанын баса атап өтті, өйткені көптеген адамның үйлері өртеніп, барар жерлері болмаған.

Келушілердің басым бөлігі — әйелдер, балалар мен қарттар.

7 ақпанда Жамбыл облысы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болып, оның видеосы желіде жаппай тарай бастады. Президент бұл жайтқа байланысты сол күні мәлімдеме жасады.

8 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында өткен арнайы баспасөз мәслихатында бұл оқиға жайлы баяндалды. 7 қаңтарда кешкі сағат 19.00 шамасында Қордай ауданы маңында 70-ге жуық жігіт жиналып, топ болып төбелескен. Төбелес салдарынан сегіз адам қайтыс болды, 40-тан аса адам адам жарақат алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жаппай тәртіпсіздік салдарынан 30-дан астам жеке үй, 15 сауда нысаны және 23 автокөлік бүлінген. 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшы мылтығы тәркіленді. Осы қайғылы оқиғада мерт болған адамдардың туған-туыстарына Қазақстан Президенті қайғырып көңіл айтты әрі осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, объективті бағасын беру үшін үкіметтік комиссия құрып, бірқатар тапсырма беріп, Жамбыл облысына аттандырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*