© turkistan.gov.kz

Түркістан облысында тағы бір шаңғы трассасы мен арқанды және бөген жолдары салынады

Түркістан облысында «Қасқасу» туристік-рекреациялық орталығының жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл жоба «KaskasuResort» ЖШС және «Түркістан» ӘКК» АҚ арқылы іске асырылмақ, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қасқасу» туристік-рекреациялық орталығының аумағында тау инфрақұрылымы және коммерциялық аймақ орнатылмақ. Теңіз деңгейінен 1 750-ден 3 200 метрге дейінгі биіктікте шаңғы тебу жолдары, арқанды және Бөген жолақтары, қонақ үйлер, мейрамханалар, аквапарк, Альпі ауылдары мен ойын-сауық, спорторталықтары бой көтеретін болады.

Жалпы, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 360 га жерінде орналасқан кешен аймақтың бай туристік құрамдастарын дамытуға бағытталған. Демек, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін талғампаз саяхатшыларға қысқы спорт түрлерін ұсынатын ғажап демалыс орны болмақ.

Еске сала кетсек, өткен жылы«Қасқасу» туристік – рекреациялық кешені» тау инфрақұрылымының жобасы Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілген болатын.

2020 жылы «Түркістан» ӘКК тау-кен инфрақұрылымының бірінші фазасын іске асыруға кірісуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда нысанның техникалық экономикалық негіздемесіне оң қорытынды алынған және жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамаға жіберілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*