«Шымкент — ТМД елінің мәдени астанасы» — ашылу салтанатында билет құны 1000 теңге болмақ

Халықаралық іс-шараның ашылу салтанаты 20 наурыз күні өтеді.

2020 жылы Шымкент қаласының Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы атануына орай атқарылатын іс-шаралар бойынша жоспарланған баспасөз брифингі өтті,-деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Брифинг барысында спикер, қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Р.Мыңбаев «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында ТМД елдері арасындағы байланыстар мен достықты нығайту, мәдениет пен өнерді әлемге таныту мақсатында өтетін шараларға кеңінен тоқталды.

2017 жылы 11 қазанда Сочиде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2020 жылы Шымкент қаласы «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы» болып белгіленген болатын.

«Тәуелсіз мемлекеттер достастығының астанасы» статусын ресми тапсыру салтанаты және ашылу рәсімі, ТМД елдері өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік Гала-концерті 20 наурыз күні Қажымұқан атындағы орталық стадионында өткізу көзделуде.

Салтанатты іс-шараның концерттік бағдарламасына 800-ге жуық Шымкент қаласының өнерпаздары мен ТМД елдерінен 200 өнерпаз қатысатын болады. Ашылу салтанатына 18 мыңнан астам қала тұрғындары мен ТМД-ның және республиканың мәртебелі қонақтары тамашалайтын болады.

Салтанатты шара ТМД қатысушы елдерінің керуен-шеруімен басталып театрландырылған қойылыммен жалғасады. Бағдарламада көне қаламыздың тарихы мен келешегі баяндалады.

  • ТМД елдері өнер шеберлерінің мерекелік концерттері, Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған салтанатты іс-шара;
  • «Жібек жолы» дәстүрлі қолөнершілерінің көрмесі;
  • ТМД елдерінің суретшілер және фотосуретшілер байқауы;
  • Драма театрлары, анимациялық фильмдер, опера жұлдыздарының фестивалдері;
  • Халықаралық ақындар айтысы;
  • Алғаш рет I халықаралық «Душа Евразии» эстрада әндерін орындаушылардың фестивалі;
  • Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойларына арналған ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, кездесулер, көрмелер және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылып өткізіледі.

Қазіргі заманғы туристік индустрияның осы ерекшеліктері «Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы – 2020» жобасы аясындағы іс-шаралар тізбесін жасау кезінде ескеріліп, Орталық ипподром аумағында «Қайырымды қала — Шымкент» этноауылын салу жоспарланған.

«Шымкент қалашығы» — Қазақстан Республикасы үшін ерекшеленетін археологиялық объект және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енген. «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойын ресми атап, ашық аспан астындағы мұражайдың салтанатты ашылу рәсімін өткізу де жоспарда.

Жыл бойы Шымкент қаласына гастрольдік іссапармен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты 8 ұйым, басқа облыс пен қалалардан еліміздің жетекші театрлары мен филармония ұжымдарынан жалпы 31 ұжым келеді деп күтілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*