Тоқаев: Қазақстан – Орталық Азияда маңызға ие мемлекеттердің бірі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азиядағы қазіргі жағдай» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты,- деп хабарлайды Xnews ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Халықаралық қатынастар кеңесінің президенті Ричард Хаас жетекшілік еткен пікірталасқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғани қатысты.

Пікірталаста Қ.Тоқаев географиялық орналасудың маңызы туралы сөз қозғады.

«Қазақстан жер көлемі бойынша 9-орындағы мемлекет. Бұл, әлбетте, бізге көптеген мүмкіндік пен жол ашады. Ресей, Қытаймен көршілес болудың да артықшылықтары бар. Ортақ шекара тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Қазақстан – Орталық Азияда маңызға ие мемлекеттердің бірі. Орталық Азия да күннен күнге дамып жатыр. Менің ойымша, бұл ілгерілеу әлі жалғасын табады», — деді Мемлекет басшысы.

Ричард Хаастың энергия көздері туралы сауалына ҚР Президенті: «Мемлекетіміз түрлі энергия көздеріне ие. Бұл да бір артықшылық. Экономиканың дамуы үшін жаңа жобалар мен бағдарламалардың қажет екенін түсінеміз», — деді Қ.Тоқаев.Айта кетcек, ҚР Президентінің Мюнхен конференциясында сөйлеген сөзі тікелей эфирден көрсетілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*