Қордайдағы оқиғадан 8 адам қаза тапты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жамбыл облысында ауылдастар арасында болған жанжалдан сегіз адам қаза болып, 40-тан аса адамның әртүрлі жарақат алғанын мәлімдеді деп хабарлайды Xnews.

Министрдің сөзінше, 7 ақпан күні сағат 19.00-де Жамбыл облыстық Полиция дептарментінің кезекші бөліміне 70 адамның қатысуымен топтық төбелес жайлы ақпарат келіп түскен.

«Арандатушылар мен куәгерлер жанжалды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан. Сонымен қатар азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттерге шақырған. Осыдан кейін жанжал орнына әртүрлі көршілес елді мекендерден 300 адам келген. Бұзақылар бір-біріне тас лақтырған. Металл заттар қолданған. Сондай-ақ, қару қолданған», — дейді Ерлан Тұрғымбаев.

Кейін жанжал Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарын қамтыған. Осыдан кейін бірнеше елді мекендермен оларға кіретін жолдарға, тас жолдарға бақылау-өткізу пункті қойылған.

Министрдің сөзінше, оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам зардап шеккен.

©  24.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдаланудың 2024 жылдың 9 айындағы нәтижесі

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы сомасы шамамен ...

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылғы 01 қазандағы зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер — Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі ...