Қордайда қаза тапқандардың саны 10-ға жетті

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди елордада өтіп жатқан брифингте айтты, — деп хабарлайды Xnews Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«9 ақпанда таңғы уақытта Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан қаза тапқандар саны 10-ға жетті. Түнде тағы екі адам қайтыс болған», — деді Алексей Калайчиди ОҚК брифингінде. 

Бұған дейін Президент қайғылы жағдайға жол берген меморгандардың қызметкерлері жауапқа тартылатынын мәлімдеген еді. 

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды.

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. 

Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Екі полицей зардап шеккен. 30-ға жуық үй, 15 сауда орталығы қираған, 23 көлік өртенген.

Түнде Қырғызстан шекарашылары қазақ-қырғыз шекарасында күшейтілген қызмет тәртібіне ауыстырылған. ҰҚК шекара жабылды деген ақпаратты жоққа шығарып, екі ел арасындағы кеден штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*