Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгеріс жасады, деп хабарлайды Xnews Елбасы сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының Шешімдерімен:

Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары;

Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі;

Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының Шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен;

Андрей Анатольевич Калинин – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды», — делінген ресми құжат мәтінінде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*