Үкімет шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың басым емес шығыстарын қысқарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды, Xnews  zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады.

«Мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың жүргізген жұмыстарының нәтижелері бойынша қысқартуға ұсынылған шығыстардың жалпы сомасы 128,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардан – 23 млрд теңге, өңірлерден – 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен – 79 млрд теңге» делінген Үкімет сайты келтірген деректе.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша әкімдіктер мәслихаттар арқылы осы шығыстарды қысқарту жөнінде бюджеттердің тиісті деңгейлерінде шешім қабылдауы қажет, — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшыларына директорлар кеңестері мен басқарма отырыстарының аясында ұсынылған шығыстарды қысқарту жөнінде тиісті корпоративтік шешімдерді қабылдауды тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан өңірінде банан өсіп, балық бапталуда

Осы аптадан бастап Парламент өкілдерінің өңірлердегі жұмыс кездесулері басталды. Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» ...

Түркістан: Созақ ауданының экономикасын әртараптандыру жолдары қаралды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан активінің қатысуымен мәжіліс өткізді. Оған басқарма басшылары, аудан әкімі ...