© wolffacts.org

Жамбыл облысында қасқырлар бір түнде қожалықтың 200-ден астам қой-ешкісін қырып кетті

Ағадал малынан айырылған шаруа түз тағысымен күресуге қауқар жоқ дейді. Өйткені жыртқышты атуға тыйым салынған, деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасы.

Оқиға Талас ауданының Қызыләуіт ауылы маңында болған. Малдың иелері таланған қойлардың жартысын сойып үлгеріп, арам қатқандарын өртеп жіберіпті. Келген шығын әлі есептеліп жатыр. Қазір төңіректегі ауыл тұрғындары шығынға батқан шаруаға «жылу» жинауды бастап кеткен.

Бұдан бөлек, Павлодар облысының орталығынан 16 шақырымдық жердегі Кемеңгер ауылында да қасқырлар қораға шауып, 8 қойды қырып кеткен. Бұл – өңірде жарты айда тіркелген екінші дерек. Мамандардың сөзінше, биыл қыста қардың қалың болуына байланысты, жыртқыштар қоректі ауыл ішінен іздеуге кіріскен.

© 24.kz

Статистика бойынша, Ертіс өңірінде қасқырдың 200-ден астам түрі бар екен. Ал олар ауылға келген жағдайда, тұрғындар ешқайсысын ата алмайды. Себебі, рұқсат жоқ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ЭЫДҰ-ның парасаттылық және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі отырысына қатысты

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын енгізу жемқорлыққа қарсы саясаттың міндеттерінің бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың 15-16 қазан аралығында ҚР ...

Работает единый государственный контакт-центр «111»

Внимание! Работает единый государственный контакт-центр «111». Единый государственный контакт-центр «111 АМАНАТ» по вопросам семьи, женщин и защиты прав детей принимает ...