Түркістан облысында балалар суицидінің алдын алуға 44 млн теңге қаржы бөлінген

Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында жаңа жоба қолға алынды. Тұлғалық дамыту орталығының «Бестерек» жобасы аясында өңірдегі 1 мың 277 педагог-психолог кезең-кезеңімен қайта даярлаудан өтуде.

Оған жергілікті бюджеттен 44 млн теңге қаржы бөлінген. Мамандар 25 мамырға дейін білімін жетілдіреді. Бұған дейін өңірдегі Сайрам, Сарыағаш, Мақтаарал және Түркістан аудан-қалаларында мектеп пен отбасына психологиялық көмек беру бойынша екі жоба қолға алынған. Бүгінгі таңда орталық жоба аясында Келес ауданында тәуекел тобына жататын 52 бала мен ата-анаға психологиялық кеңес беріп, қолдау көрсетті.

Айта кетейік, 2018 жылы облыста 106 суицид тіркелсе, оның 41-і қайғылы жағдайда аяқталған.

  • Бұл жұмыс қазір қоғамда да, біздің басқарма тарапынан күн тәртібінен түспей тұрған мәселе. Мұны күнделікті қадағалап отырмыз. Әр қала-аудандар да әкімнің тікелей қарауында. Бірқатар ауданда жақсы жұмыстар бар. Психологтар ұйымдасып, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшісі барлығы топтасып, дер кезінде мәселенің алдын алып отыр. Статистиканы 0 деген деңгейге жеткізгенге дейін біз жұмысты жалғастыратын боламыз,-дейді облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*