Иран генералы қазасынан кейін мұнай қымбаттады

АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касим Сулейменидің өліменен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады, — деп хабарлайды Рух тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Багдадтағы әуежайдан шығып келе жатқан көлік коллонасына соққы жасалғанда ирандық генерал Касим Сулеймани қаза тапқан болатын. Сулеймани Иранның шетелдегі әскери операцияларын ұйымдастыруға жауапты Эль-Кудс әскери бөлімшесін басқарды.

Сауда деректеріне қарағанда, Brent маркалы мұнайға наурыздық фьючерстің бағасы барреліне 2,76% – 68,09 долларға дейін, WTI маркалы мұнайға ақпандық фьючерстің бағасы барреліне – 2,75%, 62,86 долларға дейін өсті.

Айта кетсек, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды. АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады. АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Орта Азиядағы ірі өндіріс орны

Шымкентте қытайлық инвесторлар керамогранит зауытын іске қосты Қаладағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында «Wan Sheng Ceramic» ЖШС-ның керамогранит өндіретін кәсіпорны іске қосылды. ...

Қытайлық компания Шымкентте ірі қоқыс өңдеу кешенін салу жобасына инвестиция салмақ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қытайлық «Shaanxi Construction Engineering» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде шетелдік инвесторлар Шымкент қаласында электр энергиясын өндіруге ...