Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтей әлеуметтік желілерде пікір жазудың жауапкершілігі туралы айтып берді, деп хабарлайды орталық коммуникациялар қызметі. Ресми өкіл брифинг барысында «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға сәйкес, интернет-ресурс БАҚ қатарына жататынын, ал онда жарияланған ақпарат БАҚ өнімі болатынын мәлімдеді. «Кімге тиесілі екеніне қарамастан, интернет-ресурста, соның ішінде әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат нақтылау талаптарына сай, заңды және жеке тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделеріне қайшы болмауы керек», — дейді А.Әйтей. Аталмыш заңдық талаптарға сәйкес, заңды және жеке тұлға, ұйымдарға немесе заңмен қорғалған қоғамдық мүдделерге қайшы болатын ақпаратты таратушы адамға 5000 АЕК айыппұл салынады немесе ол екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Альбина Әтейдің айтуынша, ақпаратқа қатысты қалдырған пікірлер өзге тұлғаның ар-намысына тиетін жалған мәлімет болса 2000 АЕК айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Қытайлық компания Шымкентте ірі қоқыс өңдеу кешенін салу жобасына инвестиция салмақ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қытайлық «Shaanxi Construction Engineering» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде шетелдік инвесторлар Шымкент қаласында электр энергиясын өндіруге ...

Түркістан: «Turan» арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылыммен қамтылып жатыр

Түркістан өңірінде жаңа зауыттар ашу, кәсіпорындар салу жұмыстарына басымдық берілген. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Бұл ретте инвесторлар мен ...