Түркістан облысында ауа-райы күрт өзгеруінен таулы аймақтарда желдің екпіні 30м/с асты. Қарлы боран салдарынан республикалық маңызы бар «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» бағытындағы тас жол мен облыстық маңызы бар 6 жол жабылды. Облыс аумағында республикалық бағыттағы жолдарды тазалау үшін барлығы 100-ден астам адам мен 100-ден астам техника жұмылдырылған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей қадағалауымен облыс әкімі аппараты мен тиісті басқармалар жағдайды реттеуге барлық ...
Читать далее »Түркістан облысы
Облыстық маңызы бар жолдар бойынан 62 адам құтқарылды
Созақ ауданында бүгін таңғы сағат 6:30 дан бастап қар жауып, ақ түтек боран басталды. Осы орайда аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және тиісті сала қызметкерлерін аудан аумағындағы, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырды. Созақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің міндетін атқарушы Әлібек Бақытбекұлының айтуынша, таңнан бері аудан көлімінде қар аралас жаңбыр жауып, ...
Читать далее »Түркістан облысында 27 адам қар құрсауынан құтқарылды
Өткен тәулікте Түркістан облысында қар құрсауынан 27 адам құтқарылды. «112» қызметіне Төлеби ауданының Көксәйек ауылынан 7 шақырым жерде жолаушылары 7 жеңіл автомобиль қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. ТЖ орнына келген құтқарушылар 7 жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды. Көліктегі 14 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарып, Көксәйек ауылындағы №16 өрт сөндіру бекетіне жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес. Авариялық-құтқару ...
Читать далее »Түркістан облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды
Түркістан облысында облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды. Облыс әкімдігінің барлық құрылымдары штаттық режимде жұмыс істеуде. Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақ түтек боран басталды. Күн суыту жолдардың барлығында көліктердің жүруіне кедергі келтіруде. Дамылсыз соққан жел жүргізушілер мен жолаушыларды әбігерге салуда. Осындай ауа райының тосын мінез танытып, ысқырып соққан суық желінде азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ...
Читать далее »Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары басталды
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды. Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын 860 мың гектарға орналастыру жоспарлануда. Егістікті әртараптандыруға сәйкес, дәнді және бұршақтық дақылдардың егіс көлемі 3,2 мың гектарға артып, 317 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 5,6 мың гектарға артып, 225,5 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 8 мың гектарға артып, 126,7 мың гектарға, майлы дақылдар 4,4 мың гектарға қысқартылып, ...
Читать далее »Кентау қаласы төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялануы мүмкін (видео)
Кентау қаласы және оған іргелес жатқан елді мекендердің аумағы төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялануы мүмкін. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Кентау қаласының және оған іргелес жатқан елді мекендердің аумағын төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала аймағы деп анықтау мақсатында Түркістан облысының әкімдігі «Кентау қаласының және оған іргелес елді мекендердің ...
Читать далее »Түркістан облысында қоян өсіруді кәсіп еткен ақ жаулықты ана тұрады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бәйдібек ауданы Боралдай ауылына қарасты О. Тайманов ауылының тұрғыны Шәрипа Әбіш 4 жылдан бері қоян өсіріп, көл-көсір пайдаға кенеліп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгінде оның ауласында 40-қа жуық қоян бар. Кейуана күнделікті таңертең тұра салысымен қораға қарай қадам басып, олардың ас-суын әзірлеп, жем-шөбін береді. Тұрақтарын тазалайды. Шаруашылықтың жұмысымен жүріп, күннің қалай өткенін де ұмытып кетеді. «Өткен ...
Читать далее »Созақ ауданында мәдениет үйі ашылды
Түркістан облысында ауылдарды қажетті нысандармен қамту жұмысы қарқынды жалғасуда. Бүгін Созақ ауданы, Жартытөбе ауыл округіне қарасты Аққолтық елді мекенінде мәдениет үйінің жаңа ғимараты ашылды. Заманауи үлгідегі 75 орындық мәдениет үйі 329,5 шаршы метрді құрайды. Аудан әкімінің халықпен кездесуінде де бұл мәселе бірнеше рет көтеріліп, жыл соңына дейін пайдалануға берілетіні айтылған болатын. Бүгін міне, тұрғындардың көптен күткен арманы орындалды. Жаңа нысанның ...
Читать далее »Түркістанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі кітаптар жинағының тұсаукесері өтті
Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысшы тобы дайындаған кітаптар жинағының тұсаукесері өтті. Жаңа кітаптардың таныстырылымына белгілі ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, оқытушылар, руханият жанашырлары қатысты. Тұсаукесер рәсімін ашқан Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов жинақтың жарыққа шығуына зор үлес қосқан авторларға жылы лебізін білдіре отырып, кітаптың мазмұны мен ...
Читать далее »Қазығұртта 20 отбасы баспаналы болды
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік нысандарды елге уақтылы тапсыру, тұрғын үймен, инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын күшейтуді тапсырған болатын. Осыған орай Қазығұрт ауданында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қазығұрт ауданы орталығында 2 қабатты 10 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Атап айтсақ, баспаналар жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, әлеуметтік осал топтағы ...
Читать далее »Түркістан облысында 600 балаға қр президентінің құттықтау хаты мен жаңа жылдық сыйлықтары тапсырылды
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркістан облысындағы 600-ге жуық балаға ҚР Президентінің құттықтау хаты мен мерекелік сыйлықтары тапсырылды. Төлеби ауданындағы балалар үйі мен оңалту орталығына және аудандық ауруханаға барған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев тәрбиеленушілер мен емделуші балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Олармен жүздесіп, мерекелік лебізін білдіріп, Президенттің құттықтау хаты мен сыйлықтарын ұсынды. – Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Армандарыңыз ...
Читать далее »Түркістан облысында спорт саласының үздіктері марапатталды
Түркістанда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың үздіктерін марапаттау салтанаты өтті. Спорт майталмандары бас қосқан шарада үздік спортшылар мен жаттықтырушылар, үздік спорт мектебі аталымдары бойынша кіл мықтыларға құрмет көрсетілді. Өңіріміздегі жалынды спорт саңлақтарының еселі еңбегін атап өткен спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев сайыпқырандарға алғыс білдірді. Ел мерейін үстем еткен спортшыларға құрмет көрсетіліп, шараның негізгі бөлігінде марапаттау рәсіміне ...
Читать далее »Ерекше қажеттіліктері бар балғындарға арналған мереке
Бүгін Түркістан қаласында үйде қызмет алатын балалар үшін арнайы мерекелік кеш ұйымдастырылды. Думанды кеште балалар ән мен биден шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды. Салтанатты шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады. «Тағдыр сынына мойымай, алға ұмтылған періштелерімізге өмірге құштарлығы үшін, үміттері мен армандары үшін, шынайы күлкілері үшін зор құрметпен алғысымды білдіремін. Балаларға ...
Читать далее »Түркістан облысының өнерпаздары мен спортшылары үздіктер қатарында
Түркістан облысының өнерпаздары мен спортшылары «Жеті қазына» республикалық телевизиялық шоу бағдарламасында жүлделі ІІ орынды алды. Аталмыш сайыс ҚР Үкіметінің қолдауымен, «Хабар» Агенттігі» АҚ ұйымдастыруымен тамыз айынан бастау алып, арнаның жаңа маусымында көрерменге жол тартқан болатын. «Жеті қазына» мега-жобасында әр өңірден келген өнерпаздар мен спортшылар атадан балаға мұра болып келе жатқан ән, жыр-терме, күй, айтыс, күрес, қол күресі, арқан тартыс секілді ...
Читать далее »Түркістан облысында биыл 30 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылды
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысы талқыға салынған брифингте Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Ернар Бектаев айтты. – Қазіргі таңда Түркістан облысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% құрайды. Есептік кезең бойынша 11 айдың қорытындысымен өңірімізде 29 723 жас жұмыспен қамтылды. Тұрақты жұмысқа – 10 785, жастар практикасы бойынша – 7 482, ...
Читать далее »Сарыағашта тұрғындарды көптен бері алаңдатқан маңызды жол асфальтталып жатыр
Сарыағаш ауданында қала тұрғындарының өтінішімен республикалық маңыздылығы жоғары А-15 автомобиль жолынан Темір жол станциясына баратын Майлықожа көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс нысанына арнайы барған аудан әкімі Мұхит Отаршиев жұмыстың сапалы әрі өз мерзімінде орындалуы керектігін тапсырды. «Сарыағаш қаласының тұрғындарымен кездесуімде қала тұрғындары Майлықожа көшесін асфальттауды сұрап, өтініштерін жолдаған болатын. Әлеуметтік желілерде де сыни пікірлер жиі жарияланып, өзекті мәселеге ...
Читать далее »Ордабасыда зауыттың синтепон талшығын өндіретін желісі іске қосылды
Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округіндегі индустриялды аймақта орналасқан ПЭТ қалдықтарын қайта өңдейтін “Grееn technology industries” ЖШС зауытының синтепон талшығын (дайын өнім) өндіретін желісі салтанатты түрде іске қосылды. Аталған шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Нұрбек Бадырақов зауыт ұжымын құттықтап, жасыл технологияларды қолдана білген өндіріс орнының аудан экономикасын нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ 50-ге тарта жаңа жұмыс орны ашылғанын, өз ...
Читать далее »Төлебиде «Туған өлке тарихы» атты интеллектуалды сайыс қорытындыланды
Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Туған өлке тарихы» интеллектуалдық ойынының қорытынды сайысы өтті. Мамыр айында басталған сайысқа ауданнан 32 топ қатысты. Екі кезеңнен тұратын интеллектуалды ойында тарихшы, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы төрелік етті. Сайыста жүйріктер ауданның тарихы, жер-су атаулары мен Төлеби бабаның өмірлік жолы мен өсиет сөздеріне қатысты сұрақтар қойылып, өзара бақ сынасты. Шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, ...
Читать далее »Түркістан облысында өндірісті дамыту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы бойынша жаңа индикаторлар белгіленді
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен аудан, қалалардың негізгі көрсеткіштері бойынша ай сайынғы рейтинг жүргізілуде. Рейтингке өнеркәсіп өнімі көлемі, негізгі капиталға салынған инвестиция, ауыл шаруашылығы өнімі, шағын және орта кәсіпкерліктегі өнім өнімі, құрылыс жұмыстарының көлемі және пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы көрсеткіші енді. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиналыста осы бойынша аудан, қалалардағы жыл жұмысы қорытындыланды. Алдағы жоспарлар талқыланды. Бірқатар басшылар ...
Читать далее »Отандық жөргек шығаратын Түркістандық зауыт өнімдерін шетелге экспорттамақ
Отандық жөргектер шығаратын еліміздегі алғашқы зауыт Сайрам ауданы Ақсукент ауылында орналасқан. Жұмысы қарқынды жүріп жатқан «Capable group» кәсіпорны облыс орталығындағы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында өндірісін кеңейтуді көздейді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу барысында талқыланды. Облыс басшысы инвесторларға қолайлы жағдай жасаудың жолдарын айтты. Басым бағыттар – өндірісті арттырып, жұмыс орындарын ашу. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өңірде жүзеге асқан ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
