Түркістан облысы

250 мың халықты қамтитын «Бозарық» электр станциясы іске қосылды

Конституция күні аясында Шымкент қаласында 220 кВ электр қуатын беретін «Бозарық» қосалқы электрстанциясы іске қосылды. Энергокешеннің ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне нысанның стратегиялық маңызы жөнінде мағлұмат берді. Құрылыстың соңғы сатысында кешенге электр қуаты беріліп, 72 сағаттық мерзімде техникалық сынақ жұмыстары жүргізіліп, сәтті өткен. «Бозарық» қосалқы электр станциясы негізгі кешен саналып, ол қуаты 110/35/10 кВ болатын ...

Читать далее »

Облыс әкімі Конституция күнімен құттықтады

Қадірлі қауым! Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Баршаңызды 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ – ежелден сөзге тоқтаған, тәртіпке бағынған, берекелі тірлікті, мызғымас бірлікті жоғары бағалаған текті халық. Сонау Ғұн, Сақ дәуірлерінен бері Ұлы Дала заңы арқылы үйлесімді өмір сүрген бабаларымыз ұлан-ғайыр атырапты қорғап, ұрпаққа мұраға қалдырған. Дала заңы «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» ...

Читать далее »

Әл-Фараби ауданында «Мектепке жол акциясы» өтті

Әл-Фараби ауданындағы көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» акциясы бастау алды. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев оқушылармен кездесіп, оларға жаңа оқу жылында толағай табыстар тіледі. Сондай-ақ, аудандағы аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алмайтын көпбалалы отбасыларға, аз да болса көмек ретінде оқушыға қажетті жабдықтар жинағын табыс етті. «Ауданымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосып, қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын созып жүрген атымтай ...

Читать далее »

Ордабасы тауында сенбілік іс-шарасы өтті

Бүгін аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Эко Ордабасы» экологиялық қозғалсы алғашқы тазалық шарасын қасиетті Ордабасы тауынан бастады. Сенбілік шарасына аудан әкімі Бағлан Батыршаев қатысып, туған өлкесін таза ұстауға ұмтылған жастардың жақсы бастамасына сәттілік тіледі. «Игі шараның ұлт тарихында маңызы зор Ордабасы тауында өтуі құптарлық дүние. Әрбір азамат Сіздер секілді туған үлкесін таза ұстауға ниетті болса, табиғатымыз тазарып, айналамыз ажарлана ...

Читать далее »

Шымкент әкімі №120 мектепттің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 жалпы орта мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Мектеп жанынан салынған қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылысы аяқталып, бүгінде мұнда абаттандыру тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін аталған мектептің 926 орынға арналған ғимаратында даярлық тобын қоса алғанда 2116 бала білім алып келген. 300 орындық қосымша оқу корпусы бұл мәселені толығымен ...

Читать далее »

Мұрат Әйтенов Республика даңғылындағы орташа жөндеу жұмыстарын аралап көрді

Шымкент қаласындағы маңызды нысандардың бірі – Республика даңғылы. Республика даңғылы — көлік ағынының қарқындылығына байланысты және қаланы өзге елді-мекендермен біріктіретіндіктен қаламыздың басты магистралды көшелерінің бірі болып табылады. Мұрат Әйтенов бүгін Республика даңғылының бойындағы тротуар салу және жаңа аялдамалар орнату жұмыстарының барысымен танысты. Республика даңғылының жалпы ұзындығы төрт жолақты 5,3 шақырымды, ал жолдың ені 28 метрді құрайды. Көшенің бөлу жолағының бір ...

Читать далее »

Қала әкімі оңтүстік айналма жолының құрылысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылысымен танысты. Аралау барысында әкім жұмыстың сапасына назар аударды. Сонымен бірге, мердігер мекемеге жұмыста қолданылатын құрылыс материалдары, қазақстандық өнім болуы қажет екенін ескертті. Құрылысы салынып жатқан екі жолақты жолдың ұзындығы 16 шақырым болса, көшенің ені 15 метрді құрайды. Жол құрылысы Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты алады. ...

Читать далее »

Түркістанда 100-ге жуық көпбалалы отбасыға мектеп құралдары табысталды

1 қыркүйек Білім күніне орай Оқушылар Сарайында «Мейірімділік» акциясы ұйымдастырылды. Шараның негізі мақсаты – көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға қолдау білдіру және білімге деген құштарлықтарын ояту. Акция аясында Оқушылар сарайының ұжымы мектепке қажетті құрал-саймандар салынған арнайы сөмке дайындаған. Оны қаладағы 100 шақты көпбалалы отбасына табыстады. Шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек ...

Читать далее »

Шымкентте 73 азамат тұрғын үй сертификатын иеленді

Шымкент қаласында бастапқы жарнаға көмек ретінде берілетін тұрғын үй сертификатын алуға 458 азаматтан өтінім келіп түскен. Оның ішінде 73 азамат тұрғын үй сертификатының иегері атанып, шоттарына миллион теңгеден аударылды. Ал 314 өтінім тұрғын үй сертификатын берудің талаптарына сәйкес келмеуінен бас тартылған. Мамандар бас тартулардың басым көпшілігінің себебін талаптарға сәйкес қажетт құжаттардың толық әрі анық ұсынылмауымен, сондай-ақ тұрғын үй сертификатының шарттарына ...

Читать далее »

Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл

Түркістанда Өзбекәлі Жәнібековті еске алуға арналған дөңгелек үстелі өтті. Ұлт рухын ұлықтаған тұлғаның 90 жылдығына орай өткен шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері, еліміздің белді қоғам, мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты. Ақтоты Райымқұлова салтанатты жиынды ашу сөзінде биыл Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан қаласы – Түркі әлемінің рухани астанасы деп ...

Читать далее »

Шымкентте сүт өндірісі дамуда

Шымкент қаласында сүт өндіру бағыты мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында 349 бас сауынды сиырды құрайтын үш тауарлы-сүт фермасы ашылды. Оның ішінде «Корно-1» ӨК жаңадан ашылған болса, «Эгамназаров» ЖК мен «Зертас» ШҚ сүт фермасын ұлғайтып отыр. Мегаполисте жүзеге асқан бұл жобаларға жалпы құны 0,8 миллиард теңге инвестиция тартылды. Шаруа қожалықтар Симментал мен Голштейн тұқымды сауынды сиырларды Еуропа елдерінен әкелген. ...

Читать далее »

Депутатам мажилиса даны конкретные рекомендации по развитию Ордабасинского района

27 августа 2021 года депутаты Мажилиса Парламента РК, члены фракции партии « Nur Otan» – Дархан Мынбай и Кудайберген Ержан совершили рабочую поездку в Ордабасинский район Туркестанской области. Депутаты ознакомились с работой современного и стандартного склада ТОО «Александровский сад» в селе Бадам, вместимостью 1600 тонн. На данной встрече приняли участие аким Ордабасинского района Баглан Батыршаев, члены партии «Nur Otan», депутаты ...

Читать далее »

Мәжіліс депутаттарына Ордабасы ауданын дамыту жөнінде нақты ұсыныстар берілді

2021 жылы, 27 тамызда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері – Дархан Мыңбай мен Құдайберген Ержан Түркістан облысы, Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барды. Депутаттар Бадам ауылындағы заманауи әрі стандартқа сай, цифрландырылған «Александровский сад» ЖШС-нің сыйымдылығы 1600 тоннаны құрайтын қоймасының жұмысымен танысты. Кездесуге Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев, облыстық мәслихат депутататтары мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты. «Александровский сад» ЖШС-нің ...

Читать далее »

Халық санағы демографиялық ақпараттардың дереккөзі

2021 жылғы Халық санағының І кезеңі 1-30 маусым аралығында әр ауылдағы тұрғын және тұрғын емес үйлер саны мен тұрып жатқан халықтың санын нақтылау жұмыстары жүргізіліп біткеннен кейін ІІ кезеңге дайындық жұмыстары басталып кеткен болатын. ІІ кезең бойынша алғашқы жұмыс статистика басқармасы мамандарымен санақ бөлімінің уәкіл қызметкерлері арқылы аудандымызға қарасты 57 елді мекендегі тұрғын, тұрғын емес үй жайлардың мәртебесін анықтап, Gorel ...

Читать далее »

Әлеуметтік маңызы бар бағыттар көбейеді

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясы өтті. Сессия отырысына 28 депутат, қала әкімі Мұрат Әйтенов, аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралған сессияның бұл жолғы ерекшелігі – енді сессия төрағасының міндетін мәслихаттың хатшысы атқарады. Депутаттар бұл өзгерісті бір ауыздан қолдап, дауыс берді. Өзекті тақырыптардың бірі қаладағы әлеуметтік маңызы бар көлік бағыттары тізіміне жаңа 7 бағытты ...

Читать далее »

Ұлттық халық санағы – 2021ж. (Ордабасы ауданы)

Еліміз егемендігін алғалы үшінші рет халық санағы өткізілгелі отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазанда №1049 «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында халық санағы «Қазақстанда әр кім маңызды» деген ұранмен жүргізіледі. Халық санағы 2021ж. I-кезеңі 1-30 маусым аралығында әрбір елді мекендердегі тұрғын және тұрғын емес үйлер санымен тұрып жатқан халықтың санын ...

Читать далее »

Түркістан облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілуі мүмкін

Түркістан облысы коронавирус індетінің таралу көрсеткіші бойынша жасыл аймақта орналасқан. Қазіргі таңда, облыс аумағында карантин режимін жеңілдету, демалыс күндеріне енгізілген шектеулерді алып тастау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді. Оның сөзінше, биыл жаңа оқу жылында мектептер дәстүрлі түрде жұмыс істейтіндіктен білім ұяларына карантиндік шектеу шаралары біршама ...

Читать далее »

Ордабасы ауданы педагогтарының дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаевтың қатысуымен Темірланда дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Алқалы жиында аудан әкімінің орынбасары ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады. «Құрметті ұстаздар қауымы, Сіздерді індеттен кейінгі жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Биылғы жылдың ерекшлігі сол, балалар пандемия кезеңіндегі қашықтан оқудан кейін мектепке сағынышпен келіп, білім нәрін берген ұстаздарымен қауышқалы отыр. Ендеше жаңа басталған оқу жылында жетістіктер көп болып, ...

Читать далее »

Тәуелсіздік жылдарындағы елдің жеткен жетістіктері талқыланды

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Тәуелсіздік жылдарында еліміздің және өңірдің жеткен жетістіктері мен барлық бағыттағы даму сатылары талқыланған дөңгелек үстел болып өтті. «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Түркістан облысының басты жетістіктері» тақырыбында өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және өңірдегі тарихшы, ғалымдар, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. «Биылғы жыл еліміз үшін ең елеулі оқиғалардың ...

Читать далее »

Кәсіптің көзін тапқандар

Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округіне қарасты Көктөбе елдімекенінің тұрғыны Ұлжан Молдабаева жеке үй шаруашылығы секторында көкөністен 9 түрлі өнім консервілеуде. Күніне орташа есеппен 150-250 банкі жабатын кәсіпкерлік нысаны 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жеке кәсіпкер өзіне тиесілі 3 гектар жер теліміне консервілеуге қажетті көкөніс егіп, түскен өнімді кәдеге жаратуда. Өз қаржысымен кәсібін дөңгелеткен ауыл тұрғыны жылына 10 000-нан астам консерві ...

Читать далее »