Түркістан облысы

Қыдырғали үздік спортшы атанды

Бүгін Түркістан қаласында, Облыс әкімінің “Тәуелсіздік ұрпағы — жыл көшбасшылары” жастар премиясы атты Түркістан облысы бойынша 2022 жылдың әр сала бойынша үздік жастар марапатталды. Биылғы жылы, Әлемді 27 рет бағындырған Америка Құрама Штатының аңыз спортшысын жеңіп қана қоймай, Түркия елінде өткен Әлем чемпионатында көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатқан Онғарбаев Қыдырғали Дүйсенбекұлы, Түркістан облысы бойынша биылғы жылдың “Үздік жас спортшысы” ...

Читать далее »

Үстел теннисінен жастар арасында республикалық турнир өтті

Алматы қаласында үстел теннисінен желтоқсан айының 9-11 аралығында жасөспірімдер мен жастар арасында «Алтын күз» атты ашық республикалық турнир өтті. Тартысты өткен теннисшілер додасында мықты деп танылған спортшылардың есімдері белгілі болды. Аталған жарыста 2010-2011 жылы туылған және 2012 жылы туылған өрендер бағын сынады. Байрақты бәсекеде Түркістан облысының намысын қорғаған талантты спортшылар қатарында Абай Жұмағұл жеңістің шыңын бағындырды. Ол бар қарсыласын тізе ...

Читать далее »

Түркістандық параспортшыларға құрмет көрсетілді

IWAS дүниежүзілік ойындарында жүлдегер атанған түркістандық параспортшыларға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев құрмет көрсетіп, арнайы спорттық киім табысталды. Португалияның Вила-Реал-ди-Санту-Антониу қаласында өткен сайыста ел намысын қорғаған Мұқан Айтмырзаев найза лақтырудан, Темірбек Тоғанбай 100 метр қашықтыққа жүгіруден және диск лақтырудан, Шахрух Санвар 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіру мен ұзындыққа секіруден қола медальға қол жеткізді.

Читать далее »

Бәйдібекте 100 орындық мектеп пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Бестоғай ауылында салтанатты түрде 100 орындық Досан мектебі пайдалануға берілді. Мектептің жаңа ғимаратының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков, аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан қатысып, өздерінің құттықтау тілектерін білдіріп, ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісті. Салтанатты шарада Бестоғай елді мекеніндегі Досан мектебінің ұстаздары мен оқушылары және ауыл тұрғындары екі қабатты білім ошағының өздерінің ауылдарында бой ...

Читать далее »

Түркістанда Д.Сатыбалды үй кезегінде тұрған отбасыларға баспана кілтін табыстады

Түркістан қаласында биыл баспана кезегінде тұрған 700-ге жуық отбасына әлеуметтік баспана беріледі. Шаһардың жаңа ауданында бой көтерген 9 қабатты бес тұрғын үйге 5 мыңға жуық адам көшіп келеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 20 отбасына пәтер кілтін тапсырып, қуаныштарымен бөлісті. – Тәуелсіздіктің арқасында мемлекетіміз тұрақты даму жолына түсті. Рухани астанамыз Түркістан қаласы облыс орталығы ...

Читать далее »

Су кешенінде үш жүзге жуық тұрғын спортпен шұғылдануда

Облыс орталығындағы су спортының дамуында ерекше орын алған – «Орталық су кешенінде» жыл басынан бері түрлі шаралар ұйымдастырылған. Кешен директоры Ғалымжан Батырханұлының мәлімдемесіне сәйкес, қазірде орталықта үш жүзге жуық тұрғын жүзумен айналысуда. Шаршаған денеге энергия, қажыған ағзаға иммунитет сыйлайтын спорт түрін серік еткен мекеменің жас спортшылары байрақты бәсекелерде бой көрсетіп келеді. Атап айтқанда, жүзуден «Е. Тәңірбергеновты еске алуға арналған жасөспірімдер ...

Читать далее »

Беби-бум: Түркістанда бір тәулікте 40 нәресте дүниеге келді (видео)

Түркістанда бала туу көрсеткіші жыл сайын артып келеді,-деп хабарлайды «Otyrar» телеарнасы Облыстық перинаталдық орталығында бір тәулікте 40 сәби туылған. Дегенмен онда проблема да жоқ емес. Мысалы мұнда, жаңа туылған нәрестелер паталогиясы бөліміне түскен 2700 баланың 400-і шала туылған. Жас ана дүниеге егіз сәби әкелген. Түркістандық тұрғын мерзімінен бұрын босаныпты. Тәжірибелі білікті мамандардың арқасында және жан сақтау, жаңа туылған нәрестелер паталогиясы ...

Читать далее »

Түркістанда бұқаралық спорт дамуда

Түркістан шаһарының әлеуметтік-экономикалық дамуының тағы бір саласы спорт. Тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануларына қандай жағдай жасалған, ұлттық спорт түрлері, бокс, футбол басқа да спорт түрлерінің дамуы қалай деген сұрақтар төңірегінде Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевпен сұхбаттасқан едік. – Қанат Жарылқапұлы киелі өңірде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың қатары артып отырғаны рас. Осы тұрғыда ...

Читать далее »

Баланың есен-саулығы – ерен бақыт (видео)

Балалар ауруханасының тарихы 1985 жылдың мамыр айынан, Түркістан қаласы 1 мөлтек ауданда 115 төсек- орындық, 0-15 жас аралығындағы науқас балаларға арналған ауруханадан бастау алады. Аурухана ашылған күннен бастап, 1985-1998 жылдар аралығында Ө.Елгелдиев; 1998-2006 жылдар аралығында С.Насырова; 2006-2007 жылдары К.Көптлеуова; 2007-2011 жылдар аралығында Ш.Серикбаевалар бас дәрігерлік қызметті атқарған. 2011 жылдан бүгінгі таңға дейін каладағы педиатриялық қызметті ұйымдастырушы, жоғары санатты қоғамдық денсаулық ...

Читать далее »

Түркістан облысының спортшылары елшілік жарыстарда толағай табыстарға жеткен

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында сала мамандарымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Басқосуда биылғы жылғы жеткен жетістіктер, атқарылған жұмыстары талқыланды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевтың айтуынша елшілік жарыстарда түркістандық спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Алайда әлемдік додаларда 2021 жылмен салыстырғанда бәсеңсу байқалатынын айта өтті. Сонымен қатар, келер жылы Азия ойындарының кезекті алауы тұтанады. Осы орайда спортшылардың ...

Читать далее »

Отырарлық жастар көпбалалы отбасына баспана сыйлады

Отырар ауданы Көкмардан ауылының жастары бірлесіп қоғамдық қор құрған. Сауапты іске жаны жақын ауыл тұрғындары қорға жиналған қаржыны қайырымдылыққа жұмсап келеді. Таяуда көкмардандық жастар ауылдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған жеті баланың ата-анасына жаңа баспана салып беріп, жанұяны шаттыққа бөледі. Жаңа ғимараттың құрылысы аяқталған кезде көпбалалы отбасына тағы бір жан қосылып, қуаныштары еселеніп отыр. Ауыл азаматтары қос қуаныштың қатар келуін жақсылыққа ...

Читать далее »

Арыста 200-ге жуық үйге газ беріле бастады

Арыс қаласын үш кезеңмен толық газдандыру жоспарланған. Бүгін шаһардағы «Алатау» тұрғын алабындағы үйлерге табиғи газ берілді. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Бүгінгі таңда Арыс қаласын табиғи газға қосу үшін Ордабасы ауданындағы №19 «Темірлан» АГТС-нан Арыс қаласына дейін 41,2 шақырым газ құбыры тартылды. Сондай-ақ, қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 15,6 шақырым жеткізгіш газ құбыры жүргізіліп, 6 дана газды ...

Читать далее »

Түркістанда туризм саласындағы тартымды инвестициялық жобалар ұсынылды

«Инвестициялық жобалардың презентациясы» питч-сессиясына Түркістан қаласына жақын жердегі 7 «өсу нүктесі» шығарылды. Инвестициялар көлемі бойынша жобалар шағын және орта бизнес аудиториясына бағытталған. Яғни, бір учаскені дамытуға бірнеше инвестор қатысады. Іс-шара өңірдегі кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында өткізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы алғы сөзінде: «Туризм – өңір үшін басым бағыттардың бірі. Мемлекет инфрақұрылымды дамыту, несие ұсыну құралдары көмегімен, сондай-ақ өңірді ...

Читать далее »

В Туркестане для развития футбола будет применен опыт Хорватии

У Туркестанскских детей есть появилась возможност обучаться футболу в Хорватию. В регионе предпринимаются меры по развитию детского футбола. Создана футбольная академия «Туран», привлекаются тренеры из-за рубежа. Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды принял делегацию во главе с Государственным секретарем Министерства туризма и спорта Республики Хорватия Тончи Главиной. Глава региона поздравил с выходом Хорватии в полуфинал чемпионата мира по футболу, который проходит ...

Читать далее »

Түркістанда футболды дамытуға Хорватияның тәжірибесі қолданылады

Түркістандық балалар Хорватияға барып, футбол үйренеді. Өңірде балалар футболын дамытуға күш салынбақ. «Тұран» футбол академиясы құрылып, шетелден бапкерлер тартылған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Хорватия Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Тончи Главина бастап келген делегацияны қабылдады. Облыс басшысы Катарда өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатында Хорватияның жартылай финалына шығуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Делегация құрамында Хорватияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті ...

Читать далее »

Түркістанда Мұхтар Шахановтың мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші өтті

Түркістандағы «Farab» кітапханасында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлем таныған ақын» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды ақынды мерейтоймен құттықтап, елге сіңірген еңбегін жоғары бағалады. – Сізді 80 жасқа толған мерейтойыңызбен ...

Читать далее »

Іргелі зерттеулер Түркістанда жасалуы тиіс

Бүгінде ғылымның өзекті мәселелерін көтеруде түркітану ғылымының маңызы зор. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен жанынын ашылған Түркология ғылыми зерттеу институты түбі бір түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеп әлемге танытатын білім мен ғылым ордасына айналып келеді. Осы орайда біз институт директоры Бүлент Байрам мырзамен орталықтағы зерттеулер барысы жөнінде сұхбаттасқан едік. – Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры ретінде өзіңіз ...

Читать далее »

Түркістанда жаңа автодром ашылды

Түркістан қаласының көлік жүргізушілері теориялық және тәжірибиелік емтиханды арнайы ХҚО-да тапсыра алады. Жаңа автодром Қазақстан 30 жылдығы ауылының, Қазыбек би 51 мекен-жайы бойынша орналасқан. Бұған дейін тұрғындар емтихан тапсыру үшін Шымкентке немесе басқа да көршілес облыстарға баруға мәжбүр еді. Бұл мәселені шешу үшін қазан айында Сарыағашта автодром ашылған. Енді Түркістан облысы бойынша емтихан тапсыратын екі бөлімше бар.        ...

Читать далее »

Түркістанда 500 келі палау тегін таратылды (видео)

Тәуелсіздік күніне орай Түркістан қаласындағы экобазарда палау фестивалі өтті. Онда әр бірінде 50 келіден 10 қазан палау дайындалып, халыққа тегін таратылды. Палау басқан аспаздар өзара мықтыны анықтады. Экобазар басшылығы ұйымдастырған іс шараға өзге де кәсіпкерлер қолдау көрсеткен. Ал аспаздар ішінде шет елден келгендері де болды. Сайыс қорытындысында түркістандықтар бірінші орынды жеңіп алып, 500 келі күріш пен 20 литр күнбағыс майына ...

Читать далее »

Түркістандықтар бокстан командалық есепте үшінші орынды иеленді

Павлодар қаласында 2-9 желтоқсан аралығында бокстан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ринг төрінде жеңіске жеткен Түркістан облысының құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жерлестерімізді қуантты. Былғары қолғап шеберлері арасындағы жекпе-жекте жеңіске жеткен 92 келі салмақтағы түркістандық Абзал Құттыбеков жеңімпаз атанды. 63.5 келіде сынға түскен Түркістан облысының үміті Мухаммедсабыр Базарбайұлы мен 67 келі салмақта өнер ...

Читать далее »