Руханият

Д.Сатыбалды «Күлтөбе» қалашығының құрылыс алаңына барды

Күлтөбе қалашығы – Түркістанның бастауы. Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорық-мұражайының маңызды объектісі — «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құрудың алғашқы кезеңі аяқталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобаның жалғасы ретінде келушілерге заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысан салынбақ. Болашақта археологиялық парктің қонақтары ...

Читать далее »

Түркістанда қолөнершілер қалашығы салынуда

Тарихы тереңнен бастау алатын Түркістан қаласына келетін саяхатшылар саны артып келеді. Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер қалашығы салынуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Негізгі мақсат – туристерді тарту және өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс жұмыстарын қадағалау мақсатына құрылыс нысанына барды. Киелі шаһарда қолөнершілердің әлеуеті зор екенін тілге тиек еткен өңір басшысы ...

Читать далее »

Бәйдібекте ғимараты ХІХ ғасырдың сәулет өнеріне жататын сәулет-көркем музейі жұмыс істеп тұр

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейі бүгінде келушілерге қызмет көрсетуде. Көне жәдігер саналатын тарихи-мәдени орынды Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары, бөлім басшысы мен мамандары, аудан, қалалардағы бөлімдердің өкілдері аралап көрді. Музей басшылығы тарихымен қатар, алда тұрған міндеттерді де таныстырып өтті. «Аппақ ишан» мешіт-медресесінің іргетасы 1845 жылы қаланған. Бастапқыда қам кірпіштен, білім алушылар қатары көбейген ...

Читать далее »

Түркістанда «Ұлы даланың жас Алашы» танымдық кеш өтті

Биыл қазақ әдебиетінің аспанында жарқ етіп, бір-ақ сәтте жалт етіп ағып түскен жұлдыздардың бірі, жас талант Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлы небәрі 23 жыл ғана ғұмыр кешті. Оның есімі адамзат тарихынан ешуақытта ұмытылмақ емес. Осы мақсатта Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Саттар Ерубаев музей-филиалы және ...

Читать далее »

Түркістан облыстық кітапханасында «Өзбекәлі Жәнібек» залы ашылды

Бүгін Түркістандағы облыстық «Фараб» кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков атындағы оқу залы ашылды. Залдың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен зиялы қауым өкілдері, журналистер, оқырмандар және кітапханашылар қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Әр заманда елдің тарихы мен мәдениетін жаңғыртатын, ұлттың бай мұрасын келешек ұрпаққа жеткізе білетін алып ...

Читать далее »

Жаңарған Түркістан: даму, өсу, өркендеу

Осыдан 6 жылдай уақыт бұрын Түркістан қаласы облыс орталығына айналғанда шаһардың адам тәнті боларлықтай өзгеретініне сенгендер де, күмәнданғандар да болды. Десе де, осы уақыт аралығында атқарылған және қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстар көкейдегі көп күмәнға нүкте қойды десек қателеспейміз. Себебі, бұл қалада күнде бір іс бітіп, күнде бір нысанның құрылысы басталып жатады. Осыған орай бірер күн бұрын өңіріміздің және еліміздің ...

Читать далее »

Түркі жұртына танымал Түркістан шаһары

Негізі, ой жіберіп қарасақ, түркі әлемінің туристік астанасы болудың міндет-жүгі ауыр да күрделі. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» – деген халық нақылына сүйенер болсақ, киелі шаһардың жер жарған даңқына қызығып алыстан ат арылтып келген меймандарды, дамыған шет елдерден келген қандай табыстарға қол жеткізілді? Осындай сауалдарға жауап алу мақсатында Түркістан қалалық әкімшілігі мен туризм және меймандостық университеті бірлесе ...

Читать далее »

Музей – өркениеттің құнды өрнегі

Халықаралық музейлер кеңесінің бас конференциясында 1977-жылы бекітілген бұл мереке қырық жетінші рет аталып отыр. Музей – әрбір елдің мемлекет құрудағы, ұлттық идеологиясын, мәдениеті мен танымын қалыптастыру жолындағы өткеннен сыр шертетін рухани қазына. Бүкіл әлем ынтыға көз тігіп отырған киелі қаламызда тұнып тұрған тарихтан құпия сыр шертетін музейлер төл мерекелеріне орай бұқаралық-көпшілік шараларын, «Ашық есік» күндерін өткізуде. Облыстық Фараб әмбебап-ғылыми кітапханасының ...

Читать далее »

Түркістан рухани бірлігіндегі «Шағатай бәсі»

Большевизм толық жеңген уақытта түркі тұлғаларының, соның ішінде қазақ зиялыларының басын көбiрек қосқан бiрегей шаһар Ташкент едi. Мұның себебi Мұстафа Шоқай мен Тұрар Рысқұлов әр тұрғыдан көтерген тәуелсiздік пен бірлік мұраты-тын. Осы қалада 1918–1922 жылдары өзбек жәдитшiлдерiнiң «Шағатай бәсi» (түпнұсқада «Чигатой гурунги») атты мәдени ұйымы жұмыс істеді. Мағынасы – «Шағатай ұлысы мұрагерлерінің пікірталас, сұхбаттасу, бәс тігу алаңы» (гурунги – парсы ...

Читать далее »

Түркістанда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған облыстық «Балалық шаққа саяхат» балалар фестивалі өтті

Түркістанда қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай облыстық «Балалық шаққа саяхат» балалар фестивалі өтті. Байқауды облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, жас өрендерге сәттілік тіледі,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі бағытта өткен сайыса өңірдің барлық аудан, қаласынан келген шығармашыл балалар мен жасөспірімдер бақ сынады. Біріншісі – балалар арасында ...

Читать далее »

Өркениеттер тоғысында қайта жаңғырған шаһар

Түркістанда «2024-жыл Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына орай Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Түркістан — көне мен келешек көпірі» пресс-туры өтті. Аталған шараға келген журналистер көне шаһардың жаңа құрылыс нысандарымен танысып, Туризм университетінің тыныс-тіршілігін көріп қайтты. Қала қонақтары алдымен Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты 20 үйдің және мәдениет сарайының құрылысымен танысты. ...

Читать далее »

«Өңірдің құнды тарихы – музей жәдігерлері» музейлер шеруі өтті

Бүгін Түркістанда 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай облыстық «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен «Өңірдің құнды тарихы – музей жәдігерлері» атты музейлер шеруі өтті. Шараны облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев ашып беріп, музей қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Музейлер шеруіне өңірдегі 11 қорық-мұражай, музейлері қатысты. Атап айтқанда, «Әзірет-Сұлтан» ...

Читать далее »

Түркістанда 80 субұрқақ істеп тұр

Облыс орталығында субұрқақтар маусымы ашылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде 80 субұрқақ шаһардағы Гүлдер саябағы, Рәміздер алаңы, Түркі бағы мен желелік саябақта, сондай-ақ, Әкімшілік- іскерлік орталық, мәдени-рухани орталық, аумақтарында таңғы 10:00-ден кешкі 00:00-ге дейін жұмыс жасауда. Айта кетейік, субұрқақтар аптасына екі рет тазаланып, тексерістен өткізіледі. Көңіл күйі Түркістанның көшелері ылғи бақ, Кеудесінен бұлақ ...

Читать далее »

Елжанды Есенәлі аға

Ғалымдар қазір адамдардың жасарып бара жатқанын айтады. Рас болса, рас шығар… Бала кезімізде ата-әжелеріміз қырық жастарында бізге үлкен адамдар сияқты болып көрінетін. Олар жасаған жастан әлдеқашан асып, сақал шашымыз ағарып, жетпіске қарай қадам бассақ та, егде тарта бастағанымызды мойындағымыз келмейтіндей. «Кәрілік келіп қалды қай жағымнан?» деп қамығып жүрген құрдастарымды әлі көргенім жоқ. Қайта реті келсе, жаңадан кәсіп бастап, тірлігін дөңгелетіп, ...

Читать далее »

Қырық шаңырақ – қырық тағдыр!

Киелі Түркістан қаласының тұрғыны, ұлағатты ұстаз Райымжан Қошқаровты мен білгелі не заман!? Осы өте салмақты, жүзі жылы азаматтың ұстаз екенін, жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген ұлағатты жан екенін білуші ем. Ал, ол кісінің «Үлес» қайырымдылық қоғамдық қорындағы қайырлы істері туралы бүкіл Түркістан жұртшылығы айта бастағанда бір-ақ білдім. Атам қазақ айта беретін «Ұлық болсаң, кішік бол!»- деген осы шығар. ...

Читать далее »

Тарихы терең қос диірмен

Сауран ауданы, Оранғай елдімекен тұрғындары мен ауыл ақсақалдары ХІХ аяғында пайдалануға берілген «Қос диірмен» тарихынан сыр шертті. Аймақ тарихында аты аңызға айналған «Қос диірмен» қазіргі Оранғай елдімекенінде орналасқан,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл диірмен шамамен 1800 -1900 жылдар арасында құрылған. Жергілікті халық, Қаратау бөктерінен ағысын бастайтын Қарашық өзенінің қатты ағысымен келетін мол судың ...

Читать далее »

Қазақстан тарихының көптөмдығын әзірлеу жұмыстары жалғасып жатыр

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Алматы қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы Археология институтында «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жаңа академиялық басылымды әзірлеп жатқан жетекші ғалымдармен кездесті. Мемлекет басшысы 2021 жылғы қаңтарда жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында заманауи ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, Қазақстан тарихының көптомдығын дайындау туралы бастама көтерген болатын. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, сондай-ақ ...

Читать далее »

Сырға толы Шымқала

Шымкент – күн сайын гүлденіп, түрленген шырайлы шаһар. Өңір халқы қонақжайлылығымен ғана ерекшеленбейді, әр гектарында өткен күннің белгісі бар. Тарихы, тамыры тереңге жайылған, мәдени мұраларға аса бай қала. Қала жұрты Бадам мен Қошқарата өзендерінің ортасында орналасқан. Қытайдың әйгілі ғалымы Монах Сюань Цзянь 629 жылы Үндістанға жасаған саяхаты туралы жазбаларында Тараз, Ақсу, Кунгу, Ташкент арасындағы аймақты сипаттай отырып мұны Нуджикент мемлекеті ...

Читать далее »

Кең жайлауда аталып өткен әз-наурызды 10 мыңнан аса адам тамашалады

Әз-Наурыз түркі халықтарына ортақ төл мереке саналатын қасиетті мейрам. Жыл жаңарып, адамдардың көңілі көтеріліп, бір-бірімен етене араласатын кез – наурыз айы. Сол үшін де қазақ халқының танымында бұл айдың маңызы зор, мәні ерекше. Наурыз мерекесінде халық наурыз көже пісіріп, қонақ күту дәстүрін жаңартады. Ұлттық ойындары көрініс табатын мереке – осы Наурыз мейрамы. Осы орайда Келес ауданында Ұлыстың ұлы күні кең ...

Читать далее »

Түркістанда «Төрлет, наурыз, төріме!» республикалық командалық айтыс өтті

Бүгін Түркістан қаласында Ұлыстың ұлы күніне арналған «Төрлет, наурыз, төріме» республикалық командалық айтыс өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, көрермен қауымды мерекемен құттықтады. – Қос мереке қарсаңында Түркістан төрінде бастау алған бүгінгі шараның өңір руханиятын дамытуға ықпалы зор деп есептеймін. Мемлекет басшысының бастамасымен биылғы жылы Наурыз мейрамы жаңа серпінде атап өтілуде. Кеше еліміз бойынша «Көрісу күні – Амал мерекесі» ...

Читать далее »