Руханият

«Ұлы дала жорығына» қатысушы шабандоздар астанадан Түркістанға жолға шықты

Астанада «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгесі басталды. Екінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа биыл 19 команда өте жақсы дайындалған. Төзімділік пен шыдамдылықты, қайсарлықты талап ететін сайыс Астана маңындағы Қаражар ауылынан басталды. Жарыс жолының қашықтығы 1300 шақырымды құрайды және бағыт Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтиды. Марафон 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады. Жорық 14 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің қашықтығы – ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің жеңімпаздарына автокөлік кілттерін табыстады

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл! Осыған орай Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет және туризм басқармасы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалін ұйымдастырған болатын. 4 ай бойы қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс сыйлаған фестиваль бүгін өз мәресіне жетті. 30 тамыз – Конституция күніне арналған эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен «Ата заңым – айбыным!» атты шарада Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды ...

Читать далее »

Өзбекәлі Жәнібековке арналған дәстүрлі көрме жалғасын тапты

Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Өзбекәлі Жәнібеков тағылымы» атты көрме ашылды. Биыл он бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған рухани-мәдени шара көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі этнограф, тарихшы ғылым Өзбекәлі Жәнібековке арналған. Көрменің ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы Жанболат Ибрагимов, елімізге белгілі ғалымдар, кітапхана, ЖОО-ы мен жалпы орта, салалық мектептер мен ...

Читать далее »

Отырарда қолөнер шеберлерінің халықаралық жәрмеңкесі ашылды

Бүгін Отырар ауданында «Ұлы Жібек жолы бойындағы тоқыма және зергерлік өнер» тақырыбындағы Халықаралық қолөнер шеберлері жәрмеңкесі ашылды. Салтанатты шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Төрағасы Күміс Сейітова, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілі Талғат Мұханов және Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов ашып берді. Сондай-ақ ұйымдастырушыларға ыстық ықыласын білдіре отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Туыстас халықтар арасын жақындата түсетін, ...

Читать далее »

Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсы өтті. Елімізде ерекше сипатқа ие болып, дәстүрлі бағытта өткізіліп жатқан конкурс жеңімпаздарын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтап, жеңімпаздарға облыс әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хатын табыстады. Жалпы конкурсқа 143 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 31 отбасы жеңімпаз атанды. Ал бүгін жанұядағы жарасымдылық пен өзіндік қарым-қабілеттерімен ...

Читать далее »

В Туркестане открыли памятник Аднану Мендересу

В Международном казахско-турецком университете имени Ходжи Ахмеда Ясави в городе Туркестане состоялось открытие памятника выдающемуся государственному и общественному деятелю Турецкой Республики Аднану Мендересу. Мероприятие было приурочено к празднованию в Казахстане Дня благодарности — 1 марта. В нем приняли участие аким Туркестанской области Д. Сатыбалды, ректор МКТУ имени Х. А. Ясави Жанар Темирбекова, представитель ректора Пеями Баттал и жители города. Глава ...

Читать далее »

Түркістанда Аднан Мендерестің ескерткіші ашылды

Бүгін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жанында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Түркия Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Аднан Мендереске арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі Пеями Баттал және қала тұрғындары қатысты. Облыс басшысы Түркістанды түркі әлемінің орталығына айналдыруда ...

Читать далее »

Қаңтар оқиғасы – ел ішіне іріткі салғысы келгендердің әрекеті

Өткен жылы дәл осы уақытта қазақ халқы үшін қайғылы қаңтар оқиғасы орын алды. Бұл ел тарихындағы ең қасіретті кезең болды. Бейбіт еліміздің басына бұлт үйірілді. 2022 жыл ауыр оқиғамен басталды. Бұл күні облыс орталықтары мен ірі қалаларда бейбіт шеруге шыққан халықты арандатушылар көп болды. Солардың зардабынан көптеген ғимараттар өртеніп, төңкеріс басталды. Мемлекеттілігімізден ажырап қала жаздадық. Осы тұста ел бірлігі мен ...

Читать далее »

Қаңтар оқиғасы шуақты күннің қадірін ұғындырды

Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттігіміздің тұғырын шайқалтпақ болған қайғылы оқиғадан бері бір жыл уақыт өтті. Қаңтар оқиғасы шуақты күннің қадірін ұғындырды. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қанымен, жанымен қорғалып келген қасиетті жеріміз – Қазақстанымыз арам пиғылдылар мен қарақшылардың талан-таражына түсе жаздады. Шеруге қатысушылар арасында арандатушылық жасағандар болды. Адамдар арасында араздық тудырып, ел ішіне іріткі салды. Алайда, ұлт тағдыры, ұрпақ болашағы талқыға түскен тарихи сәтте бейбіт ...

Читать далее »

Мемлекеттігімізді сақтап, өсіп-өркендеуіміз үшін ел бірлігі ауадай қажет

Қаңтар оқиғасында еліміздің қалаларында мыңдаған адамдар алаңға шықты. Бейбіт мақсатта басталған шерулер бей-берекетсіздікке, тәртіпсіздікке, ұрлыққа, тонауға, кісі өлтіруге ұласты. Теріспиғылды топтар мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылды. Мемлекет басшысының табандылығы арқасында шаңырағымыз шайқалмады, Тәуелсіздігімізге нұқсан келмеді. Арандатушыларға еріп аңдамай от басып қалған азаматтарға Президенттің бұйрығымен рақымшылық берілді. Бүгінгі Мәжіліс қабырғасында өткен қаңтар оқиғасына байланысты тергеу амалдарының нәтижелерін ашық жариялау мақсатында еліміздің бас ...

Читать далее »

История не терпит повторений ошибок

Последние лет пятнадцать занимаюсь охраной окружающей среды. И все это время в глаза бросалось одно, что инспектора природных парков ходят без табельного оружия. Хотя, по долгу службы им приходится сталкиваться с вооруженными до зубов браконьерами. Я пишу это об этом сегодня, после выступления генпрокурора по январьским событиям. Из официальных уст узнал, что в январе первое время сотрудники правопорядка ничего не ...

Читать далее »

Түркістанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі кітаптар жинағының тұсаукесері өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысшы тобы дайындаған кітаптар жинағының тұсаукесері өтті. Жаңа кітаптардың таныстырылымына белгілі ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, оқытушылар, руханият жанашырлары қатысты. Тұсаукесер рәсімін ашқан Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов жинақтың жарыққа шығуына зор үлес қосқан авторларға жылы лебізін білдіре отырып, кітаптың мазмұны мен ...

Читать далее »

Қаралы қаңтар құрбандарына мың тағзым

Күні кеше Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Салтанатты рәсімге президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сол қаралы күндері қаза тапқан марқұмдарды еске алды. Қаңтар қасіреті мен сол кезде өмірі қиылған азаматтар жадымызда мәңгі сақталады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда «Тағзым» мемориалының ашылуында осылай деді. Ескерткіш қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған. Президент қасіретті күндер бәріміз үшін үлкен сабақ болғанын айтты. Елдің ...

Читать далее »

Ел өткенін ұмытпайды

Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Президент қаңтар қасіреті ел тарихындағы үлкен сынақ ретінде халқымыздың жадында сақталатынын айтты. Бұл оқиға бәріміз үшін сабақ болғанын атап өтті. «Тағзым» мемориалы – көп сатылы сәулет кешені. Бұл ескерткіш әртүрлі түстен тұратын төрт эмоционалды-архитектуралық бөлікке бөлінеді. Әр түстің өзіндік мән-мағынасы бар. Сондай-ақ, мемориалда халқымыздың ұлы тұлғаларының ...

Читать далее »

Ел амандығы, жұрт тыныштығы қымбат

Қасіретті қаңтар оқиғасына бір жылға жуық уақыт болды. Қантөгіс кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды бақылауға алды. Мемлекеттіліктің жойылуы және билікті басып алу қаупінің алдын алды. Мемлекет басшысының мемориалды ашуының символдық мәні бар, өйткені ол батылдық пен табандылық танытып, қылмыскерлерге біздің елімізде хаос тудыруға мүмкіндік бермеді. Алматыны құтқарды, Қазақстанның егемендігін сақтап қалды. Алматы — қаңтар оқиғасында ең қатты жапа шегіп шығынға ...

Читать далее »

«Тағзым» мемориалдық кешенінің маңызы зор

Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Президент қаңтар қасіреті ел тарихындағы үлкен сынақ ретінде халқымыздың жадында сақталатынын айтты. Бұл оқиға бәріміз үшін сабақ болғанын атап өтті. «Тағзым» мемориалы – көп сатылы сәулет кешені. Бұл ескерткіш әртүрлі түстен тұратын төрт эмоционалды-архитектуралық бөлікке бөлінеді. Әр түстің өзіндік мән-мағынасы бар. Сондай-ақ, мемориалда халқымыздың ұлы тұлғаларының ...

Читать далее »

Мұндай оқиға елімізде қайталанбасын деп тілейік

Кешегі қаңтар оқиғасы елдің жүрегіне жара салып кетті. Талай адам оққа ұшты. Азап көрді. Алматыда сол қаңтар құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттігіміздің тұғырын шайқалтпақ болған қайғылы оқиғадан бері жылға жуық уақыт өтті. Жаңадан бой көтерген мемориал – біздің сәулет өнеріміздің көрнекті нысаны және еске алу орны. Бұл болашақ ұрпақ үшін сол оқиғаларды қайталамау туралы үнемі еске салады. Онда ...

Читать далее »

Біз тыныштықты ту еткен халықпыз

Қаңтардағы қаралы күндер мен түндер ел тарихындағы үлкен сынақ ретінде халқымыздың жадында мәңгі қалады. Сол қасіретті оқиға кезінде талай жан ерлік көрсетті. Бұзақылар мен радикалдардың жолына тосқауыл болды. Қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін қазақ халқы мықты мемлекет құруға, қасиетті тәуелсіздігімізді нығайтуға және қорғауға белін бекем буды. Өткен ауыр күндерді еске салып, осы қорқынышты кезеңді елдігіміздің, бірлігіміздің арқасында жеңгенімізді ұмытпауымыз керек. Кеше ...

Читать далее »

«Тағзым» мемориалы тарихтан сабақ алуымызға септігін тигізеді

Жыл басында елімізде тәуелсіздігіміздің тарихында қара таңба болып қалған қасіретті оқиға орын алды. Қасіретті қаңтарда талай жазықсыз жандар жапа шекті. Тәуелсіздігімізге қауіп төнді, ардақты Отанымыз, туған еліміз, ғасырлар бойы ата-бабамыздың қанымен, жанымен қорғалып келген қасиетті жеріміз – Қазақстанымыз арам пиғылдылар мен қарақшылардың талан-таражына түсе жаздады. Еліміз үшін үлкен сабақ болған осы оқиғаның халықтың жадында сақталуы үшін Алматыда «Тағзым» мемориалын орнату ...

Читать далее »

Елдік — болмысымыздың белгісі

Мемлекет басшысы қаңтар қасіреті ел тарихындағы ең күрделі кезең ретінде халқымыздың жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. Сондықтан қанды оқиға бәрімізге сабақ болып, тыныштық пен бейбітшіліктің қадір-қасиетін түсінуге шақырды. Ал елдің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау перзенттік парызымыз екенін еске салды. Қаңтар оқиғасының өткеніне жылға жуықтады. Сол дүрбелеңнің ошағына айналған Республика алаңында тарихи кешен бой көтерді. «Тазғым» мемориалының ашылуына президент Қасым-Жомарт Тоқаев ...

Читать далее »