Медицина

Шымкентте 3 оттегі станциясы орнатылды

Шымкент қаласында эпидемияның екінші толқынына дайындық кезінде реанимациялық төсектерді жабдықтау мақсатында 314 функционалды кереует, 381 дозаторлар, 266 реанимациялық мониторлар және 381 медициналық сорғыш қондырғылар сатып алынды. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті. Қалада 3 оттегі станциясын орнату бойынша жұмыстар аяқталды. Екеуі Қалалық инфекциялық аурухана базасында және біреуі №3 қалалық ауруханада. ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы карантиндік стационарларда төсек-орындар саны көбейді

Түркістан облысындағы медициналық ұйымдардың карантиндік стационарларында төсек-орындар саны артып, 400-ге жуықтады. Шет мемлекеттерден келген азаматтар коронавирус инфекциясына сынама тапсырып, нәтижесі шыққанға дейін аталмыш орталықтарда уақытша оқшауланады. Шекаралас аудандарда бақылау күшейтілді. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше оқшаулау орталықтары Сарыағаш, Атакент, Кентау қалалары мен Сайрам, Қазығұрт және Келес аудандарында да ашылған. Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына қарасты карантиндік стационар 180-орынға артты. Соңғы мәлімет ...

Читать далее »

Шымкенттің жедел жәрдем қызметі республикада үздік үштіктің қатарында

Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов баспасөз брифингте мәлімдеді. Шымкент қаласының жедел жәрдем қызметі елімізде алдыңғы қатарлардан көрінген. Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша, бірқатар көрсеткіштер бойынша жедел жәрдем қызметі республикада үздік үшінші орында тұр. – Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы барлық өңірлер бойынша 9 айлық көрсеткішті жария етті. Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар облысы және Шымкент ...

Читать далее »

Шымкентте дәрі-дәрмек қоры құрылды

Шымкент қаласында стационарлық көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Жалпы сомасы 7,21 млрд. теңгені құрайтын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге келісімшарттар жасалған. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті. Бірыңғай дистрибьютормен дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар 6,2 млрд. теңге көлемінде жеткізілді. Бұл 85,9% құрайды. ...

Читать далее »

Ордабасыда COVID-ті анықтайтын зертхана ашылды

Ордабасы аудандық ауруханасында індеттің екінші толқынына дайындық ретінде 100 төсек орындық провизорлық орталық ашылды,-деп хабарлайды Xnews. Аурухананың ескі ғимаратын толық жөндеуден өткізген ұжым енді коронавирус инфекциясын өздері анықтай алады. Себебі мұнда ковидті анықтайтын зертхана іске қосылды. ПТР сынамасы бойынша анықтайтын зертхана тәулігіне 500-ге жуық тест қабылдауға мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта Арыс қаласы мен Бәйдібек аудандарынан сынама қабылдау жоспарлануда. Айта кетейік, ...

Читать далее »

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі іс-сапармен Түркістан облысына келді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният іс-сапармен Ордабасы ауданының қазіргі эпидахуалымен танысты. Демалыс күні халықтың жағдайымен танысқан вице-министр елдегі атқарылып жатқан сақтық шараларының маңызын айта келе коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы ситуациялық штабтың жұмысына көңілі толатындығын жеткізді. Айта кетейік, Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы емделуші ауруынан 2020 ...

Читать далее »