Агроиндустрия — Страница 2 — Xnews — ақпарат агенттігі

Агроиндустрия

Олжас Бектенов Qingdao Wanlin Food басшысы Ли Яньтаомен АӨК өнімдерін терең өңдейтін зауыт құрылысын талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтаомен кездесу өткізді. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бірлескен инвестициялық жобаларды, оның ішінде құрғақ (кептірілген) көкөністер өндіретін зауыт салу бойынша жобаларды іске асыруға көңіл бөлінді. Кездесу барысында Qingdao Wanlin Food компаниясының Түркістан облысында индустриалды парк салу жөніндегі жоспарлары қаралды. ...

Читать далее »

Ордабасы: Бөген ауылындағы іргелі шаруашылық

“Орда-басы Agro” — ауыл экономикасын көтеруге, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға үлесін қосып отырған іргелі шаруашылық. Ауданымызға қарасты Бөген ауылында орналасқан «Орда-басы Agro» шаруа қожалығы 2017 жылы құрылған. Бұл қожалықтың негізін жергілікті азамат, еңбекқор кәсіпкер Әбілда Әлібеков қалаған. Қазіргі таңда шаруашылықтың басқару тізгінін оның інісі Ерғали Әлібеков ұстап, ағасының бастаған ісін абыроймен жалғастырып келеді. Шаруашылықтың негізгі бағыты — егін шаруашылығы. Қазіргі ...

Читать далее »

Түркістан: Қуаңшылықтан туындайтын мәселелердің алдын алу жолдары пысықталды

«Қуаңшылықтан туындаған өзекті мәселелердің шешімі болуы керек». Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі жағдайды зерделеу барысында осылай деді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімдік әрекетсіз отырған жоқ. Қазіргі таңда мал азығының қорын қалыптастыру бойынша өзге облыстармен арнайы меморандум түзу шарттары қарастырылып, келіссөздер жүргізілуде. Өңірдегі диірмендер 215 мың тоннаға жуық кебек өндіреді. «Бұл шаруашылықтардың қажеттілігін толық өтемейді», дейді мамандар. ...

Читать далее »

Посевная-2025: завершение в установленные сроки, диверсификация культур и системные изменения в поддержке аграриев

Посевная кампания-2025 в Казахстане завершена. В этом году она проходила в новых для аграриев условиях. По поручению Главы государства Правительством пересмотрен механизм финансирования сельхозтоваропроизводителей. Начиная с текущего года, льготные кредиты для фермеров стали доступны с декабря 2024-го года, а не в марте – в момент посевной, как было ранее. Это сделано для того, чтобы они могли заранее закупать необходимые ресурсы. ...

Читать далее »

Егіс науқаны – 2025: науқанның белгіленген мерзімде аяқталуы, дақылдарды әртараптандыру және шаруаларды қолдау жүйесіндегі жүйелі өзгерістер

Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар үшін жаңа жағдайда өтті. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру тетіктерін қайта қарап, жаңа тәсілдер енгізді. Осы жылдан бастап шаруалар үшін жеңілдетілген несиелер 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап қолжетімді болды. Бұған дейін мұндай қаржыландыру наурыз айында – егіс науқаны басталған сәтте ғана қолжетімді болатын. ...

Читать далее »

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп отыр

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жанданады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиналыста осы мәселе талқыланды. Облыс әкімі балық шаруашылығын дамытып, өнімділік пен эскпорттық әлеуетті арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. — Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бойынша бекітілген межені орындау бағытында балық өсіру көлемін арттыруды тапсырамын. Бұл бағытта жұмысты ширатыңыздар. Балық өнімі көлемін арттыруға мүмкіндік бар деп ойлаймын. ...

Читать далее »

Қанат Бозымбаев Таразда облыстар және Шымкент қаласының әкімдерімен оңтүстік өңірлердің дамуын талқылады

Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Премьер-министрдің орынбасары Тараз қаласында еліміздің оңтүстік өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы және «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңеске Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, сондай-ақ ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы қатысты. Әкімдіктерге ...

Читать далее »

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Оның нәтижесінде өңірде кәсіпорындар саны артып, шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша оң өсім байқалады. Бүгінде 210 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркеліп, Түркістан облысы Астана, Алматы қалаларынан кейінгі 3-ші орында тұр. Бұл жөнінде наурыз айында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланған еді. Мәжілісте Нұралхан Көшеров ...

Читать далее »

Түркістан облысында егістікті ағын сумен қамту, су нысандарын жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Биыл Түркістан облысында 896 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 мың гектарға артық. Аталған алқаптарды ағын сумен қамту мәселесі облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға осы саладағы жұмысты жандандырып, диқандарға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берді. – Облысымыз үшін ауыл шаруашылығының маңызы өте жоғары. Ағын су беру маусымында ...

Читать далее »