Дубайда «Шымкент қаласының күндері» ресми түрде ашылды

Бүгін «EXPO Dubai – 2020» Халықаралық көрмесінде «Шымкент қаласының күндері» ресми түрде ашылды. 3 күн қатарынан Шымкентті таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара аясында қаланың мәдениеті, өнері, рухани құндылықтары мен инвестициялық және туристік мүмкіндіктері көрсетілмек.

Іс-шараның ашылу салтанатында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан шаhардың мүмкіндіктерін таныстырып, EXPO-дағы Шымкент қаласы күндерін ресми түрде ашып берді.

– Шымкент қаласында туризмнің дамуында көптеген маңызды факторлар бар. Қаланың республикалық маңызы бар статусқа ие болуы – іскер өкілдердің қызығушылығын тудырып, бизнестің кеңеюі мен туристер санының ұлғаюына ықпал етіп, қаланың инвестициялық тартымдылығының артуына серпіліс беруде. Бүгінгі іс-шара барлық қатысушылар үшін танымды әрі табысты болады деп сенемін, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Сондай-ақ, іс-шараға қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Мадияр Меңілбеков және Шымкент қаласы мәслихатының бірқатар депутаттары, бизнес қоғамдастықтарының бір топ делегациясы қатысып, келушілерге қаланың тартымдылығы мен өмірі жайлы таныстырылым жасады.

Жиында еліміздің танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы ән шырқап, дәстүрлі өнерімізден шашу шашылды. Келушілер алдағы уақытта Қазақстан қалаларына саяхат жасауға ниеттеніп, қызығушылықтарын танытты.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...