Дубай мен Шымкент арасында туризмді дамытуға арналған меморандум түзілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Дубай мен Шымкент арасында туризмді дамытуға арналған меморандум түзілді

Дубайда өтіп жатқан «Шымкент қаласының күндері» аясында, туристерді тартуда бірлескен шараларды жоспарлау және ішкі, сыртқы, медициналық туризмді дамыту мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Nirvana Travel and Tourism LLC», «New magic LifeStyle», «Unique Group Hotel’s and travel», және «Seaside Investment Dubai» компанияларымен екіжақты меморандум түзілді.

Меморандум аясында бірлескен роуд-шоулар ұйымдастыру, имидждік өнімдерімен алмасу, көрмелерге, форумдарға, конференцияларға бірлесіп қатысу, бірге айқындайтын ынтымақтастықтың басқа да бағыттарын қолдау және ұйымдастыру сынды келісімдерге келді.

Шымкент қаласының күндері қарашаның 22-25 күндері аралығында өтеді. Ал, жалпы «EXPO Dubai 2020» Халықаралық көрмесі сәуір айына дейін жалғасады. Мұнда 200-ге жуық елдің павилоны қойылған. Соның ішінде, Қазақстан павилонына күніне 3 мыңға жуық адам келіп тамашалауда.

Іс-шараға Шымкент қаласынан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қала әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев, Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Мадияр Меңілбеков және Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов пен бірқатар депутаттар, бизнес қоғамдастықтарының бір топ делегациясы барды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...