Шымкентте 200 мың түп қарағаш егу жоспарлануда

Биыл жыл басынан бері Шымкентте «Жасыл белдеуді» дамыту бойынша жалпы ауданы 195 гектар жерге 97 500 көшет отырғызу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңға отырғызылған көшеттердің саны 60 590 бірлікті құрайды. Күзгі отырғызу кезеңінде жалпы ауданы 162 гектар аумақта сексеуіл тұқымын егу және 100 гектар аумақта 200 мың қарағаш егу жоспарлануда.

Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, қала бойынша 38 жер қойнауын пайдаланушы бар. Оның ішінде 20 жер қойнауын пайдаланушы тұрақты жұмыс жасайды. 18 жер қойнауын пайдаланушының 9-ы бойынша рекультивациялау туралы сот шешімі алынды. 5 жер қойнауын пайдаланушы бойынша рекультивациялау талап етілмейді, ал қалған 4 жер қойнауын пайдаланушы бойынша істі сотқа беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсарту мақсатында ағымдағы жылы мемлекеттік – жекешелік әріптестік шеңберінде жалпы ұзындығы 131 шақырым құрайтын 18 каналға механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді (Мешіт,Темір, Қызыл су, Чинат-2, Бозарық, Құралас, Улух, Улух-2, Чумчак, Шымкент, Янгибай, Текесу, Көкбұлақ, Қызыл сеңгір, Гүлдіреуін-1, Гүлдіреуін-2, Гүлдіреуін-3, Сасық -1).

Каналдардың бойында орналасқан елді мекендер арасында санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 100,6 шақырымды құрайтын 9 каналға санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде (Қошқар ата, Қарасу, Ақсай-Қарабастау, Жаңа шек, Шымкент, Ынтымақ, Компас, Тоғыс, Сасық).

Қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында 3 каналға (Сайрам су оң жағалау, Көк, Чумчак) күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...