Сібір жарасына қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сібір жарасына қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды

Әлеуметтік желіде сібір жарасы ауруына қатысты тарап кеткен ақпаратқа орай Шымкент қалалық аумақтық инспекция басшысының орынбасары Ерлан Аманбеков және қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілі Манарбек Ержігітов мәлімдеме жасады.

Инспекция өкілі әлеуметтік желідегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

– Бұл оқиға өткен қыркүйек айында болған. М. Панбаев Бәйдібек ауданы Амантай-Талап ауылынан аяғы сынған жылқысын алдырып Ақсукент ауылында сойып, 17 жілікке бөліп таратады. Сол аралықта сойылган мал етін алғандардың ішінде Шымкенттің Абай ауданына қарасты Жиделі елді мекенінің 4 азаматында сібір жарасы ауруы белгісі бар деген күдік пайда болады. Содан бұл хабар аумақтық инспекцияға жетісімен бақылаушы орган дереу әрекетке көшкен. Топырақ, ет сынамалары алынып, өңірлік ветеринарлық зертханада зерттеліп, «теріс» деген нәтиже шықты. Осымен бұл мәселе сол кезде шешілген еді. Енді неге теріс ақпарат тарап жатқаны түсініксіз, — деді аумақтық инспектор Е. Аманбаев.

Ол әлеуметтік желіге жуырда ақпар берген СЭС қызметі мамандарын мұндай мәліметтерді жариялаудан алдын жауапты мекемелермен келісіп алған жөн дегенді айтты. Инспекция өкілінің мәлімдеуінше ақпаратты дұрыс жеткізбеу салдарынан ертең еліміздің оңтүстік өңірінде ет, мал өнімдерінің экспорты тоқтап қалуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайдың СЭС тарапынан енді қайталанбауын өтінді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің басшысы М. Ержігітов өз сөзінде барлық малға тиісті вакциналар дер кезінде салынатынын жеткізді. Оның ішінде сібір жарасына қарсы екпе міндетті түрде болады.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...