Ардагерлер мен жастар шахматтан жарысты

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіна қарасты Абай кітапханасы мен «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы шахматтан турнир өткізді. Оған «Ақ тұлпар» ардагерлер шахмат клубы мен «Жас толқын» жастар командасы қатысты. Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев турнир қатысушыларына сәттілік тіледі.

Бүгінде Шымкент – еліміздің шахмат орталығына айналып отыр. Әлемді мойындатқан шахматшылардың Шымкенттен қанаттанып, осында өздерінің шахмат мектебін қалыптастыруы да сөзімізге дәлел. Ал, бүгінгі турнир аға буын мен өскелең ұрпақ арасындағы байланысты нығайтып, шахматты қалың бұқараға насихаттау және кітапхана оқырмандарының санын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Турнирге әуесқой 7 жұп қатысты. Бас төреші Дәулет Ниязбек бастаған төрешілер қатысушылардың ойынын жіті қадағалап, төрелік етті.

Сайыста «Ақ тұлпар» ардагерлер клубының өкілдері басымдықпен алға шықты. Жүлделі бірінші орынды ардагер К.Жұмақов иеленсе, ІІ орын Н.Қонысбековке бұйырды. Ал, ардагер А.Ташманов үшінші орынды қанжығалады. Ойын соңында жеңімпаздар түрлі дәрежелі дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетейік, шараға «BalTekstil», «MEY», «Delix», «Top Seller of Chemical Products» кәсіпорындары мен «Шара-бара» сервис орталығы демеушілік көрсетті.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...